«Біздің батыр бабаларымыз» ерлік сабағы
- Толығырақ
- Құрылды 05.05.2022 18:03
5 мамыр күні, А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Біздің батыр бабаларымыз: Талғат Бигелдинов, Ізғұтты Айтықов, Әди Шәріпов, Әзілхан Нұршайықов, Жақып Малдыбаев» атты ерлік сабағы өтті.
Ерлік сабағында қатысушылар Ұлы Отан соғысының батырлары, қазақ жерінің даңқты батырлары туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.
Сабақ барысында ШҚО, Күршім ауданының құрметті азаматы, зейнеткер-ұстаз Сарипова Қатиза Байбазарқызы және жазушы, Ізғұтты Айтықов туралы бірнеше естеліктер жазған Күлмай Сембайқызы оқушыларға батыр бабаларымыз туралы ақпараттар берді. Ал, кітапхана қызметкерлері осы тақырыпта қатысушыларға квест ойынын ұсынды.
Талғат Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегерінің туғанына – 100 жыл.
Әди Шәріпов – Ұлы Отан соғысының ардагері, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, партизандар өмірі жайлы жазылған «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Тон», «Қапастағы жұлдыздар» атты шығармалардың, «Сахара қызы», «Дос сыры» романдарының авторының туғанына – 110 жыл.
Ізғұтты Айтықов - Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград пен Курск түбіндегі шайқаста ерен ерлік көрсеткен қазақтың ержүрек ұлы, жерлесіміз, Кеңес Одағының Батырының туғанына – 100 жыл.
Әзілхан Нұршайықов - Ұлы Отан соғысының ардагері, 3-дәрежелі Даңқ орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» т.б медальдармен марапатталған, майдангер ақын, журналист, жазушы, әдебиеттанушы – туғанына 100 жыл.
Жақыпбек Малдыбаев - Алтайдың ақиық қыраны, аспан әлемін әскери ұшақпен шарлаған жерлесіміз, қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыштың туғанына - 115 жыл.
Тарих өшпес мұра ол біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің еліміздің ұл-қыздары да жаумен аянбай шайқасты. Соғысқа 2 миллионға жуық қазақстандық қатысып, олардың жартысы майдан даласынан оралмады. Миллионға жуық адам тылда еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға лайықты үлес қосты. Ел үшін ерлік көрсеткен қаһармандар ешқашан да ұмытылмайды. Олар бүгінгі ұрпақ үшін мәңгілік отансүйгіштік пен патриоттықтың үлгісі болып қала бермек.
Контакты: Данар Исабаев Тел.: 26-13-33 (вн. 119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26337073
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы