«Мұхтар Әуезов әлемі» онлайн форсайт-форум
- Толығырақ
- Құрылды 13.05.2022 10:03
Әр ұлттың маңдайына біткен ұлы тұлғалары болады. Олар қанша ғасыр өтсе де сол ұлттың мөрі тәрізді санаға соғылып, адамзаттың ортақ құн¬ды¬лығына айналады. Ағылшындар үшін – Шекспир, француздар үшін – Бальзак, орыстар үшін – Пушкин, өзбектер үшін – Науаи, әзербайжандар үшін – Низами болса, қазақтар үшін, әрине – Абай. Сол Абайдың ұлылығы мен данагөйлігін дүниеге паш етіп, әлемді қазақ әдебиетінің тұнығымен таныстырған – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов. Жазушының биылғы 125 жылдық мерейтойы аясында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен 11 наурыз күні Zoom-платформасында «Мұхтар Әуезов әлемі» атты онлайн форсайт-форумы өтті.
Форсайт-форумға белгілі әуезовтанушылар: мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушының ұлы Мұрат Мұхтарұлы Әуезов; Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Қалиева Альмира Қайыртаевна, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы-ғалым, профессор, С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Картаева Айжан Маратбекқызы, Әлихан Бөкейхан Университетінің профессоры Мұқажанова Раушан Мұратқанқызы, Абай музейінің ғылыми қызметкері, жазушы Қуат Қиықбай және т.б. қатысты.
Форум барысында әуезовтанушы ғалымдар Мұхтар Әуезов мұрасын жинау, сақтау, жүйелеу мен жариялаудың өзекті мәселелері, абайтану ғылымының негізі, жазушы өмірінің Семей кезеңі, Абай музейін қалыптастырудағы ролі және т.б. тақырыптарда баяндамалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Ұлы жазушының ұлан-ғайыр мұрасын тану, рухани азық ету, көздің қарашығындай сақтай отырып жан-жақты зерттеп, әр алуан қырын аша түсу өскелең ұрпақ еншісінде. Қаламгердің өлмес туындылары ұлы суреткердің жеке басының зиялылығының, асқақ азаматтығының, шығармашылық қызметте де шексіз адал болуының жарқын өнегесі болып қала береді.
Байланысшы: Кемешева Меруерт
т.: 26-13-3
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323025
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы