«Айбергенов әлемі» Т. Айбергеновтың қызы Салтанат Айбергеновамен онлайн-кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 13.05.2022 11:00
Кітапхананың ұйымдастыруымен ақын Төлеген Айбергеновтың 85 жылдығына орай ақынның тұңғыш перзенті, филология ғылымдарының кандидаты Салтанат Айбергеновамен ZOOM платформасында тікелей эфир өтті.
Т.Айбергеновтің өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. 1961 жылы шыққан «Жас дәурен» атты топтама жинақта басылды. Қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары – «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Құмдағы мұнаралар», «Мен саған ғашық едім», «Аманат», «Бір тойым бар», балаларға арналған «Бақшаға саяхат» сурет-кітапшасы жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде «Мир созвездья» деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды.
Т.Айбергеновтың «Ақ ерке, Ақ жайық», «Жаңғырған Маңғыстау», «Қазақстан», «Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар», «Бір тойым бар», т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. 1997 ж. ақынның «Таңдамалы өлеңдер» жинағы мен ол туралы жазылған «Біргемін мен сендермен» атты естелік кітабы жарық көрді.
С.Т.Айбергенова әкесінің шығармашылығын зерттеп келе жатқан үлкен ғалым, докторлық диссертация жазған зерттеуші. Шара қонағы әкесінің өмірбаяны, қызметі туралы, әдеби мұрасы мен шығармашылығы жайлы әңгімелеп, қатысушыларжың сұрақтарына жауап берді.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323025
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы