«1941-1945 жж. Соғысқа қатысқан шығысқазақстандық жазушылар»: еске алу кеші
- Толығырақ
- Құрылды 13.05.2022 11:56
4 мамыр күні сағат 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «1941-1945 жж. Соғысқа қатысқан шығысқазақстандық жазушылар» атты еске алу кеші өтті.
Бір кездері түркі әлемінің тарихи отаны болған Шығыс Қазақстанда сөз өнерін ғұмырлық кәсібіне айналдырған журналистер, сөз өнерімен оқырманын табындыра білген жазушылар, ақындар шоғыры аз емес. Солардың қатарында Ұлы Отан соғысындағы оқ пен оттың арасынан аман оралып, халқы үшін ерен еңбек еткен майдангер қаламгерлеріміздің орны бөлек.
Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіс күнімен аяқталғанына 77 жыл толып отыр. Соғыс жылдары қаншама алыстаса да қасиетті Отаны мен ардақты халқының бостандағы, болашақ ұрпағының бақыты үшін майдан даласында аянбай күрескен, Отан үшін опат болған майдангерлер есімі мәңгілік жүрегімізде.
Жауынгер жазушыларымыз қолдарына қару алып қана қоймай, қалам күшіне де сүйенген. Әдеби кеш сарбаз шинелін сыпырып тастап, көркемсөздің шеберіне айналған Ә.Нұршайықов, Ә.Шәріпов, М.Мусин, А.Егоров, М.Чистяков, Қ.Қайсенов, Е.Әукебаев, С.Машақов, К.Оразалин сияқты суреткерліктің айырықша үлгісін көрсеткен ағаларымыздың рухына арналды. Еске алу кешінде жерлес майдангер қаламгерлер туралы мағлұматтар беріліп, олардың шығармашылығынан үзінділер оқылды.
Қаһарлы соғыс батырларының батылдығын, Отан қорғаудағы ерліктерін, халық үшін жасаған істерін баяндап жас ұрпақ жадына өшпестей сіңіру – біздің басты парызымыз.
Сондай-ақ, бұл күні "Ерлік даңқы - мәңгілік!" атты әдеби көрме-экспозиция ашылды. Көрмеге сол кезең туралы баяндайтын кітаптар, мерзімді басылымдар қойылды. Экспозицияда ерлік жасаған адамдардың батыл жүздері, жеңіске жету және бейбіт өмірдің басталуы туралы жаңалықтармен жарықтандырылған көптеген фотосуреттер болды.
Әдеби көрме жерлес-майдангерлер туралы жазбаша мәліметтер, олардың естеліктері, шығармаларынан үзінділер, жанды дауыспен шырқалған естелік кештің атмосферасын табиғи түрде толықтырды.
Экспозицияға келушілер мен есте қаларлық кеш қонақтары сол жылдардағы оқиғаларды көз алдына елестетіп, соғыс ардагерлерімен бірге осынау сұрапыл жолдан өтті.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26054931
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы