«Ұлы даланың қаһарман тұлғасы» Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған жинақ жарыққа шықты
- Толығырақ
- Құрылды 13.05.2022 16:23
18 мамыр күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ұлы даланың қаһарман тұлғасы» атты жинақтың таныстырылымы өтті. Жинақ – дарабоз батыр, даңқты қолбасшы, халықтың қаһарман тұлғасы Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған І-ші Республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысының нәтижесі.
Жинаққа конференцияға қатысушы шығысқазақстандық педагог-тарихшылардың баяндамалық материалдарымен қоса, өткен жылы еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Қабанбай Батырдың 300 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып, Қаракерей Қабанбай батырдың жауынгерлік жорық жолдарын зерттеп, зерделеумен айналысқан «Аягөз-Майлышат-Шорға» тарихи танымдық экспедициясы мүшелерінің баяндамалары енген. Жинақ осы экспедиция жұмысының барысын көрсететін фотосуреттермен толықтырылған. Сапар барысында қазақ тарихында белгілі рөл атқарған шайқастар мен тұлғалар, 80 күндік Шорға шайқасының тарихи маңыздылығы, «Мамыр су бітімі» және тағы басқа оқиғалар туралы тың деректер жинақталды.
«Ұлы Даланың қаһарман тұлғасы» жинағы дарабоз батыр Қаракерей Қабанбай бабамыздың өмірі мен ерлігі туралы болашақ ұрпақтың – жаңа Қазақстан жастарының білімін кеңейтуге бағытталған.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26051582
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы