Кітапхана оқырмандары «Бірыңғай халықаралық балалар диктанты» акциясына қатысты.
- Толығырақ
- Құрылды 24.05.2022 14:09
23-24 мамыр күндері әлемнің көптеген елдерінде Бірыңғай халықаралық балалар диктанты өткізіледі. Осы акцияға қатысу туралы Өскемендегі Росынтымақтастық өкілдігінің директоры Александр Андреевич Дьяченконың ұсынысы қала оқушылары тарапынан қолдау тапты.
Осылайша, биылғы жылы алғаш рет Бірыңғай халықаралық балалар диктантын жазуға Өскемен қаласының №4, №35, №45 жалпы білім беретін мектептерінің 5-сыныптарынан 120-дан астам оқушысы қатысты. Диктантты балалардың бір бөлігі А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында, ал бір бөлігі өз мектептерінде жазды.
Осы жылғы диктант мәтінінің авторы – белгілі қоғам қайраткері, ақын, жазушы, дипломат және әдебиеттанушы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ КСР Халық жазушысы, «Невада – Семей» антиядролық қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы Олжас Омарұлы Сүлейменов. Диктант мәтіні қазақ және орыс тілдерінде ұсынылғандықтан, әрбір оқушы диктантты қай тілде жазатынын өзі таңдады.
Балалардың жазғы демалысына санаулы күндер қалғандықтан, диктант «Демалыс – кейіпкерлермен кездесу мезгілі!» деп аталды. Шағын, бірақ эмоцияға толы мәтін демалыс күндері балаларды жарқын, мейірбан да батыл кейіпкерлері бар жақсы кітаптар оқуға шақырады. Өйткені кітаптардың нақ осындай кейіпкерлері балалардың ер жетіп, сүйікті Отанымыз – Қазақстанды табысты да гүлденген мемлекетке айналдыруға ықпал ететін қоғамымыздың лайықты мүшесі болуларына көмектеседі!
Диктант соңында әр оқушы «Бірыңғай балалар диктанты» білім беру акциясына қатысқаны туралы Сертификатқа ие болды.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26324522
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы