«Сүмбіленің сағымы» кітабының тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 21.06.2022 17:48
21 маусым күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Әкімбаев Елжан Сейтенұлының «Сүмбіленің сағымы» кітабының тұсаукесері өтті.
Жаңа кітаптың авторы Әкімбаев Елжан Сейтенұлы – 1964 жылы Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Автордың бұдан бұрын «Қырыққа біз де кеп қалдық» (2004 ж.), «Өмір белестері» (2015 ж.) атты кітаптары жарық көрген. Елжан Сейтенұлы – «Өр Алтай арысы» медалінің иегері.
Елжан Сейтенұлының «Сүмбіленің сағымы» деп аталатын жаңа кітабының бірінші бөлімі автордың өмірде көрген, білген және көңілге түйген кейбір жайларды әңгімелеуге арналған. Ой жіберіп, зерделеп оқыған адамға тәлім аларлық, танымдық-тағылымдық дәйекті деректерге толы. Ең бастысы, әңгімелердің басым көпшілігі, тіпті барлығы дерлік автордың өз басынан өткен оқиғалары.
Кітаптың екінші бөліміне өмірге, туған жерге арналған өлеңдері енген. Мұнда ол алдыңғы толқын ағалары мен кейінгі толқын інілерінің, ізгі ойлы замандастарының қарапайым өміріне, өрісті өнеріне достық пейілмен, тілектес көзқараспен өзіндік ой-пайымдарын жеткізген. Сондай-ақ, жинақтан автордың әндерін де табуға болады. Кей өлеңдерінің әуенін де өзі шығарып, өзі орындап жүрген жайы бар. Кітап авторымен жүздесу, жерлес қаламгерді танып білуге үлкен мүмкіндік берді.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26060495
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы