«Домбыра SOUND»
- Толығырақ
- Құрылды 01.07.2022 14:40
Биыл Қазақстанда бесінші рет атап өтілетін ұлттық домбыра күніне орай А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы «ДомбыраSOUND» мерекелік бағдарламасын дайындады. Мерекеге халық өнерін сүйіп тыңдайтын оқырмандарымыз қатысты.
Қонақтар "Домбыра-асыл мұра" әдеби көрмесімен танысты. Балалар «Көнеден жеткен домбыра» квест-ойынына қатысып, көне музыкалық аспап туралы қызықты деректермен танысты.
Музыкалық-танымдық челлендж-баттлда оқырмандарымыздың композициялары, күйлері, аңыздары, өлеңдері мен әндері шырқалды.
Мереке соңынан қонақтарымыз белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең», деп Абай атамыз айтқандай, біздің халқымыздың әр күні туғанынан бастап домбыра мен әнмен өтеді. Осы күнге дейін қазақ халқының бірде-бір маңызды оқиғасы мен бірде-бір мерекесі домбыраның әуезді үнінсіз өтпеген.
Қымбатты оқырмандар! Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің үйлеріңізде домбыраның әдемі әуені жиі шырқалуын тілейміз.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26057864
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы