homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Абай – кемеңгерліктің биік шыңы» кітап көрмесі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Абай – кемеңгерліктің биік шыңы» кітап көрмесі

5 тамызда кітапханада Абай күніне орай «Абай – кемеңгерліктің биік шыңы» атты интерактивті әдебиеттер көрмесі ашылды.

Көрме Абайды терең зерттеген әдебиетіміздің ірі өкілдері Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхамедхановтарға арналған «Ұлылар үндестігі» бөлімімен басталып, оқырманға «Шәкерім және Мұхтар», Ғ.Есім «Ғұлама-наме», Д.Омаров «Шәкәрім шыңы», М.Әуезов «Абай Құнанбаев», «Абайды білмек парыз ойлы жасқа», А.Картаева «Абай және Әуезов: ұлылар үндестігі», Қ.Мұхамедханов «Хаттар сөйлейді», «Қайым туралы сөз» және т.б. әдебиеттерді ұсынылған.
Ал, «Абайтану» бөлімінде Абайдың шығармашылық мұрасын, болмыс-бітімін, таным-парасатын жан-жақты баяндайтын М.Әуезовтің «Абайтану дәрістерінің дерек көздері», «Абайтану. Таңдамалы еңбектер», М.Мырзахметұлының «Абайтану», Е.Сыдықовтың «Абайдың ғұмырнамасы» және басқа да көптеген әдебиеттер топтастырылған.
Көрмедегі жерлес жазушы Б.Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы», С.Оразалиновтың «Абай елі», «Мәңгілік тұлға – ұлы Абай», Ә. Тарақовтың «Ғаламның жыр данасы», Т.Жұртбайдың «Бесігіңді аяла» және Өскеменде жарық көрген «Абай әлемін ашу» эссе жинағы, т.б. еңбектер Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер мен қызықты мағлұматтар береді.
Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған. Абайдың бізге жеткен әсем әндері мен күйлері жайлы көрмедегі «Абайдың әндері мен күйлері», «Абай әуендері», «Абай әндері», «Көзімнің қарасы» және т.б. басылымдарында кең айтылған.
Орыс және Еуропа мәдениеті арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген Абай А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов т.б. ақындардың шығармаларын шебер аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің "Евгений Онегинінен" бірнеше үзінді-нұсқаларды алып, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің сөзі" атты өлеңдерін шығарды. Көрмеден ұлы ақынның аудармаларын, З.Ахметовтың «Абай и Лермонтов», «Абай и Навои» және басқа басылымдарды табуға болады.
Сондай-ақ, көрмеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ШҚО әкімі Д.Ахметовтің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Абай әлемі» кітап сериясымен жарық көрген облыс ақын-жазушыларының, өлке зерттеушілерінің шығармалары да ұсынылған.
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге мәңгі өмір сүре бермек.

 

Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26045854
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102