«Абай – даналықтың дара шыңы»
- Толығырақ
- Құрылды 01.08.2022 14:06
10 тамыз күні «Абай күніне» орай кітапханада «Абай – даналықтың дара шыңы» атты мәдени іс-шара өтті. Іс-шара кітапхана алдындағы алаңда ұйымдастырылатын «Абай – кемеңгерліктің биік шыңы» атты интерактивті әдеби экспозициядан бастау алды.
Ұлы ойшыл кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының шығармалары мен Абай туралы жазылған кітаптар көрмеге қойылған. Кітапхана еріктісі, Абай шығармашылығын насихатаушы Сарипова Қатиза апай Абайдың өмірі мен шығармашылығынан тың деректер мен қызықты мағлұматтармен бөлісті.
Абай күні «Абай – сіз үшін кім?» тақырыбында қала тұрғындарына видео-сауалнама жүргізілді.
Шараны журналист Қ. Алтыбаевтың еңбектері негізінде жасалған Абай Құнанбайұлының шығармалары бойынша сөзжұмбақтар шешу, мозайка құрастыру «Мен бір жұмбақ адаммын...» сайысы жалғастырды.
"Әнді сүйсең менше сүй" атты кезеңінде Абай әндерін әуесқой әншілердің орындауы, «Abai world» бөлімінде Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін мәнерлеп оқыту байқаулары, Абайдың ең сүйікті ойыны тоғызқұмалақтан, сондай-ақ шахмат, асық ойындары турнирі қала тұрғындары арасында жүргізілді.
Шара барысында Абайға арналған бейнебаяндар мен қысқаметражды фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылып, Абай Құнанбайұлымен аттас жерлесіміз – қаламызда өрт сөндіруші болып қызмет атқаратын Абай Құнанбайұлы атты жас маманмен кездесу өтті.
Атаулы күні оқырмандар, шара қонақтары үшін «Абай күнінен» естелік суретке түсу үшін арнайы фотозона ұйымтасырылған.
Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық. Осындай тылсым күштің иесі бола білген, «Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесі Абай атамыз ұрпақтар жадында жасай берсін!
Байланыс тел.: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26042779
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы