«Бейсен және болмыс» кітабының тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 02.08.2022 11:04
8 тамыз күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада белгілі журналист, шығыстанушы, логотерапевт, шығыстану магистрі, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбайдың «Бейсен және болмыс» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Санжар Керімбай әлеуметтік желі арқылы бала тәрбиесі, өмірлік философия туралы мәнді жазбаларды, рухани құндылықтарды насихаттап жүрген белді журналист. «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры 2013 жылы құрылып, «Әлдиден эпосқа дейін», «Салт-дәстүр сөйлейді», «Яссауи феномені», «Мың сұрақ» және т.б. бала тәрбиесіне арналған көптеген кітаптарды жарыққа шығарды.
Биылғы жылы оқырманға ұсынып отырған «Бейсен және болмыс» кітабы ұлттық арнадағы «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы қалың көрерменнің жүрегіне жол тапқан танымал журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбектің болмысына арналады. Бейсеннің өмірінен мысал келтіре отырып, экзистенция, логотерапия психологиясын жан-жақты түсіндіруге тырысады. Адам болмысы қалай ашылады, қалай көрінеді, өмірдегі мәнін қалай анықтайды, соның ішінде халқы барынша бағалаған Бейсеннің болмысы қандай еді деген сұрақтарға автор өз жауабымен бөлісті.
Байналыс тел.: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323025
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы