Жас маман А.Құнанбаевпен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 04.08.2022 15:31
10 тамыз күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Абай күніне орай Өскемен қаласының тұрғыны, жас маман – Құнанбаев Абай Ерсінұлымен онлайн форматта кездесу өтті.
Статистикаға сүйенетін болсақ, елімізде 18 232 Абай есімді азамат бар екен. Оның 378-і Шығыс Қазақстан мен Ұлы ақынның туған жері Абай облысының тұрғындары.
Соның бірі, ұлы ақын есімін арқалап жүрген жерлесіміз Абай Ерсінұлы – Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті ауылында 1999 жылы дүниеге келген. Кіші немересі Абайдың есімін атасы Құнанбай Игісінұлы ырымдап, Абай атасына ұқсасын деп қойған екен.
Ата-анасы шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздар. Әкесі Ерсін – Шілікті орта мектебінде география пәні мұғалімі болса, анасы Қарлығаш орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді.
Абай Құнанбаев 2017 жылы Шілікті орта мектебін тәмамдаған. Бүгінгі таңда ШҚО Өскемен қаласының 6-өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.
Өмірдегі мақсаты – ата-анасы сияқты ұстаз болып, шәкірт тәрбиелеу. Абайдай ұлға болуға ұмтылу. Сол мақсатқа жету жолында биылғы жылы С. Аманжолов атындағы ШҚУ аяқтап, диплом алды. Хоббиі – ән айту, спортпен шұғылдану.
Ұлы адамдар есімін арқалалап жүру – үлкен аманат, жүгі ауыр жауапкершілік. Осындай ерекше есім иелері өзіне қойылған есімге лайықты болу үшін барынша күш-жігерін салары анық.
Байланыс тел.: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26042779
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы