homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Ата заң – ел ынтымағының ұйытқысы»: интерактивті әдеби көрме-экспозициясы, бейнешолумен

«Ата заң – ел ынтымағының ұйытқысы»: интерактивті әдеби көрме-экспозициясы, бейнешолумен

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық кітапханасы 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата заң – ел ынтымағының ұйытқысы» атты кітап көрмесін ұсынады.

1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата Заң тұтас мемлекеттің өмірін айқындап, тәуелсіздігін бекітті, азаматтардың құқығы мен бостандығының сақталуына кепілдік беріп, міндеттерінің шеңберін анықтады.
Оқырман назарына ұсынылып отырған кітап көрмесі ежелгі дәуірден бастап ХХІ ғасыр аралығындағы еліміздің заңнамасының даму тарихына саяхат жасауға мүмкіндік береді. Еліміз талай тарихи асуларды басынан кешіріп, саяси дамудың күрделі жолынан өтті. Қазақ құқығы көшпелі өркениет шеңберінде туып, сол дәуірдің ең құнды сипатын иеленді. «Жеті жарғы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» – Қазақ хандығының өміршеңдігіне бірден-бір ықпал еткен мемлекеттің Ата заңдары.
Көрмеден орын алған «Қазақтың ата заңдары» жинағы, Ж. Артықбаевтың «Жеті жарғы», С.Г. Кляшторныйдың «Казахстан: летопись трех тысячелетий», Е. Әбілдің «Политическая организация кочевников Казахстана», С. Зимановтың «Казахский суд биев – общекультурологическая ценность» т.б. зерттеулері алғашқы дала заңдары мен заңнамалық негізінің қалыптасуы жайынан мол мағлұмат береді.
Сондай-ақ оқырман көрмеден еліміздің тарихында неше Конституция қабылданды? Неліктен 1926 жылғы Қазақстан Конституциясының жобасы күшіне енбеді? «Алаш» партиясының Бағдарламасында қандай негізгі баптар баяндалды? деген сұрақтарға да жауап таба алады.
Қазақстанның заң ғылымының қалыптасуына, Ата Заңымыздың жасалуына белсене үлес қосқан құқықтанушы ғалым Ғ. Сапарғалиевтің «Конституционное право Республики Казахстан», «Жаңа Қазақстан» сериясымен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген «Қазақстан Республикасының Конституциясы» басылымдары мемлекетіміздің конституциялық құқығының қалыптасуы мен даму процесі жайында білімді толықтыра түседі.
Сонымен бірге, М. Матаеваның «Конституционная история Казахстана и стран Центральной Азии ХХ век», С. Дьяченконың « Казахстан политический: история, практика, личный опыт», «Қазақстан: табысқа жету тарихы әлемдік қауымдастық көзімен», Ө. Қопабаевтың «Ата заң-мемлекет дамуының іргетасы», «Мен – Қазақстан азаматымын» және т.б әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылды.
Белгілі саяси қайраткерлер, құқықтанушылар мен ғалымдардың монографиялары, «Заңгер», «Тура би», «Фемида», «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы», «Правовая реформа в Казахстане», «Закон и время», «Заң», «Юрист», «Экономика и право» мерзімді басылымдары бетінде жарияланған мақалалар Конституцияның демократиялық реформалар, тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестердің одан әрі дамуына ықпалы жайлы ой-пікірлерді ортаға салады.
Әрбір азамат Конституцияның құндылықтары мен идеяларын зерделеуге, білуге, өмір тәжірибесінде қолдануға тиіс. Бұл – еліміздің әр азаматының құқықтық мәдениеті. Баршаңызды Конституция күнімен құттықтай отырып кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!

konstitutsia 1 konstitutsia 2 konstitutsia 3 konstitutsia 4 konstitutsia 5

 

 

Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 25975114
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102

Joomla! Debug Console

Session