homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Білімдіні ұнатады бұл ғасыр»: білім күніне арналған интерактивті әдебиеттер көрмесі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Білімдіні ұнатады бұл ғасыр»: білім күніне арналған интерактивті әдебиеттер көрмесі

Құрметті біздің жас оқырмандар және олардың ата-аналары, аяулы ұстаздар! Сіздерді жарқын да қуанышты мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! Осы айтулы мерекеге орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Білімдіні ұнатады бұл ғасыр» атты кітап көрмесін ұсынады.

Көрмеде мектеп оқушыларына, ата-аналар мен мұғалімдерге арналған көркем, анықтамалық, ғылыми-танымдық, түрлі білім салалары бойынша әдебиеттер топтастырылған.
Кітап көрмесі педагогика тарихынан бастау алады. Саналы ғұмырын қазақ балаларына арнап оқу құралдарын жазып, мектеп ашуға арнаған, қазақ жастарының мамандық алуына жол ашқан Ы. Алтынсариннің; қазақ қоғамында білім-ғылымның, ағартушылық ісінің дамуы жолында тер төккен Алашордашылар – биылғы жылы 150 жылдық мерейтойы аталып өтетін А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтардың, еліміздегі кәсіби педагогиканың негізін қалаушы А.Сейтешевтің еңбектері оқырман назарына ұсынылады.
Көрмеден ерекше орын алатын басылымдар – жерлесіміз, «Дәуірдің дара ұстазы» атанған ұстаздардың Хан-апасы Қанипа Бітібаеваның білім беру саласына қосқан ерен еңбегі жайлы сыр шертетін «Аты аңызға айналған ұстаз», «Қазақтың Қанипасы», «Ұстаздықтың падишасы» және т.б. кітаптар.
Көрмедегі Я. Актосуннның «Проблема балада ма?», С. Шортанованың «Мама деші?!»; «Логопедия. Методическое пособие», «Нет необучаемых детей! Книга о раннем вмешательстве»; Т. Деланидің «Развитие основных навыков у детей с аутизмом», О. Мелешкевичтің «Ерекше балалар», О Мелешкевич, Ю. Эрцтің «Ерекше балалар. Мінез-құлықты қолданбалы талдауға (АВА) кіріспе» кітаптары ерекше білім алуды қажет ететін балаларды оқытуға көмек ретінде ұсынылатын еңбектер.
Д. Бугтің «Рождённый читать», М. Адлердің «Как читать книги», М. Кесебаевтың «Жылдам оқы», М. Сансызбайқызының «Балдырғандарға арналған қызықты математикалық тапсырмалар», М. Көккөзованың «Қызықты қазақ тілі», Р. Уинстонның «Бұл өте оңай: қызықты химия», Д. Бёрджестің «Обучение, как приключение», К. Вордерманның «Помогите разобраться детям в математике» басылымдарын сабақ барысын қызықты етіп өткізу үшін пайдалануға болады.
Сонымен қатар, көрме мазмұнын «Бастауыш мектепте оқыту», «Қазақ ұстазы», «Мұғалім», «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар», «Ұстаз. Білім. Шәкірт», «Математика және физика» және т.б. сынды мектеп пәндерінің бәріне дерлік арналған танымдық маңызы бар журналдар толықтырады.
Сүйікті оқырмандарымызды Білім күнімен құттықтай отырып, жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз! Баршаңызды кітап көрмесіне саяхат жасауға шақырамыз!

 

Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26051782
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102