«ӘН ҒҰМЫРҒА ҒАШЫҚ АҚЫН»
- Толығырақ
- Құрылды 27.05.2015 12:08
28 мамыр күні сағат 15.00-де Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, мәдениет қайраткері, жерлесіміз Әділғазы Қайырбековпен кездесу өтеді.
Әділғазы Қайырбеков Тарбағатай ауданы Қожагелді ауылының тумасы. 1972 жылы орта мектепті, 1978 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын 1978 жылы С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйінен бастаған. Қазақ телевизиясының Жастар редакциясында редактор, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде мәдениет және әдебиет бөлімінің меңгерушісі «Халық кеңесі» газетінде руханият бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ елі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Шалқар» қосымшасының редактор болып қызмет атқарған. 2000 жылдан бері С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры.
Әділғазы Жақсылықұлы - Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Филология ғылымдарының кандидаты. ҚР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен, ҚР Ұлттық бизнес-рейтингінің «Даңқ жұлдызы» орденімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі.
Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Әділғазы Қайырбековтың ұлттық рухты асқақтатып, намысты қайрайтын, ұлттық мүддені қорғайтын өлең жырлары оқырман қауымға жақсы таныс. Қазақ әдебиеті алыптарының өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұралары мен құнды жәдігерлері туралы ғылыми-зерттеу мақалалары, эссе, ой-толғамдары бір төбе. А.С. Пушкин атындағы кітапхана қорынан ұйымдастырылған
«Ән ғұмырға ғашық ақын» атты кітап көрмесі автордың әр жылдары жарық көрген шығармаларымен, ақын өмірімен таныстырады. Автор жуықта ғана баспадан шыққан он томдық шығармалар жинағын кітапханаға тарту етпек.
Биылғы жылы жерлесіміз 60 жастың асқарына шығап отыр. Ақынның балалық шақтың бал дәуренінен басталып, ұлттық мұраты биік жырларға ұласқан шығармашылық жолымен жақынырақ танысқыңыз келсе, кездесуге келіңіз.
Контакты: Рахимбаева Б.С., тел. 261-333, вн. 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26047945
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы