Бақытты балалық шақ!
- Толығырақ
- Құрылды 30.05.2015 14:51
Жаздың алғашқы күні көңілдері шат, жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндердің төл мерекесімен басталады. 2 маусым күні сағат 10.00-де А. С. Пушкин атындағы кітапхана алаңында Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті. Мерекеге 300-ге жуық қала мектептерінің оқушылары қатысты.
Шығайбай, Буратино, Мақта қыз бен Қызыл телпек және әр елден келген қонақтар балаларға мерекелік шаттық көңіл-күй сыйлады.
Мерекенің салтанатты ашылуынан соң кішкентай қонақтар қызықты, әрі танымды аралдарға саяхат жасады.
«Ертегілер» аралында қуыршақ қойылымдарын тамашалап, көздің жауын алатындай етіп безендірілген ертегі кітаптары көрмесінен ұнаған әлем халықтарының ертегілерін алып оқыды.
«Ғылымдар» аралында балалар логикалық сұрақтар, ребус, кроссвордтар шешіп, ғылым салаларына арналған IQ-балық аулауға қатысты.
«Полиглоттар» аралында қонақтарымыз шет тіліне деген қызығушылықтарын танытты.
Мереке бойы әр ұлттың ұлттық ойындары, шахмат, тоғызқұмалақ тәрізді спорттық ойындар ойнатылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. «Шеберлер мектебі» шеберлік-сыныптарын өткізді және балалар қолынан шыққан бұйымдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Ең бастысы - бүлдіршіндеріміздің жүзіне күлкі сыйлағанымыз.
Жаздын бірінші күні тек күн жылуының сәулесімен емес, балалар күлкісімен нұрлансын. Балалар күлкісі - әлемнің нұры!
Мерекелік іс-шарадан түсірілген фотосуреттерді мына сілтеме бойынша көре аласыздар.
Байланысшы: Емельбаева Меруерт
Тел.: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336581
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы