homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВЕлімнің жүрегі – Астана!
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Елімнің жүрегі – Астана!

2 шілде  күні  кітапхана алаңында Астананың туған күніне арналған «Елімнің жүрегі - Астана» деп аталатын мерекелік іс-шара өтті. 

Тәуелсіздігіміздің бойтұмары – Астананың күні ел өміріндегі тарихи оқиғалар тізбегінен орын алатыны анық.  Өйткені Астана жай қала емес. Бұл еліміздің бүкіл тарихын, бүкіл болмыс-бітімін бойына сіңірген аспанмен астасып жатқан ертегілер елі.
Мереке қонақтары елордамыз туралы әдебиеттер көрмесімен танысып, виртуалды саяхат жасап, Астананың тарихына байланысты ойын-викторинаға қатысты. Сондай-ақ, балалар самрұқ құсы туралы аңызды тыңдап, «Бәйтерек», «Хан-шатыр» көріністерін пазлмен жинап, асфальтта сурет салды. Қала мектептерінің бастауыш сынып оқушылары флешмоб жасап, ән салып, би-билеп өнерлерін көрсетті. Елордамызбен елбасының туған күнімен құттықтауға ән-шашуларын алып,  "Қазына" ансамблі келді.
Сондай-ақ кітапхана жерлестерімізге Астана Күніне орай QR-кітапхана ұсынды. Әдемі безендірілген QR-сөрелерде Астана туралы кітаптар, бейнероликтер мен әндер; елбасымыз Н. Назарбаевтың еңбектері орналасқан.
Кітапхана шеберлері В.А. Сачков пен Л.М. Елікбай мереке қонақтарына қолданбалы өнердің бірнеше түрлерінен (сурет салу, саз-балшықтан бұйым жасау, бисермен сәнді бұйымдар жасау т. б.)мастер-класстар өткізді.  

Осы күні Астанаға виртуалды саяхат жасап, кітапхананың ақпараттық ресурстарымен танысуға әскери қызметкерлер де келді. Олар "Қазақ хандығының 550 жылдығы", "Бір ел - бір кітап 2015" акциясы аясында І.Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы бойынша ақпараттық сабаққа қатысты.

  

Байланысшы: Ашкенова Жансая, тел. 261333, ішкі. 119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26343806
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102