Есте сақтайық...
- Толығырақ
- Құрылды 01.07.2015 13:00
1 шілдеде кітапханада ШҚО әкімінің орынбасары Ж.М.Омар, Облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы В.А. Ахаев және облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы А.Е.Садықованың қатысуымен «Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері »www.veteran-vko.kzсайтының тұсаукесері өтті.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып арналған сайтты мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы «Восток Он-Лайн» компаниясының техникалық қолдауымен іске асырды. Сайтпен ШҚО Мәдениет, мұрағат, құжаттама басқарма басшысының орынбасары Р.Қ. Нұрмұханова таныстырды.
Сайт «Кеңес Одағының батырлары», «Ұлы Отан Соғысына қатысушылар», «Даңқ орденінің толық кавалері», «Тылдағы еңбегімен жеңісті шыңдаған», «Олардың құрметіне арналған», «Ардагерлер кеңесі», «Құтқарылған ел есінде», «Парақтарын аудара отырып» деген сияқты бөлімдерден тұрады.
Сайтта берілген ақпараттар облысымыздың мұрағат, мұражай, кітапханаларынан алынды. Ақпараттармен бірге құжаттар жинағы, фотосуреттер, майдан хаттары, мектеп оқушылары жазған шығармалар енді. «Құтқарылған ел есінде» бөлімін ерекше атап айтуға болады. Мұнда соғыс ардагерлерінің басынан кешкендері, майдандастары туралы жанды дауыста әңгімелеген бейне жазбалары жинақталған.
«Сайттағы ақпараттар үнемі толықтырылып отырады. Соғысқа қатысып, тылда еңбек еткен туыстары, таныстары жайлы ақпаратты жерлестеріміз сайттағы «Қонақ кітабына жазба қалдыру» айдарына қалдыра алады.», деп Раушан Капасовна өз сөзін аяқтады.
Тұсаукесер барысында Жақсылық Мұқашұлы мен Василий Иванович сайтты жасаушыларға өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдірді.
Байланысшы: Рахимбаева Б.С., тел. 261333
| |
|
|
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336426
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы