homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВМәжіліс депудатымен кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Мәжіліс депудатымен кездесу

20-шілде күні сағат 16.30-да А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қала жұртшылығының Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Тасболатов Абай Бөлекбайұлымен кездесуі өтті.

Генерал-лейтенант әскери атағы бар ардақты қонақ – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының жаратылыстану ғылымдарының академигі, Ресей Федерациясының Әскери ғылымдар Академиясының мүшесі.
Сонымен бірге Абай Тасболатов 49 ғылыми және әдеби шығарылымдардың авторы. Соның ішінде «Қазақстанның әскери тарихы», «Әскери терминдердің түсіндірме сөздігі», «Военно-теоретическое и педагогико-психологическое наследие Бауржана Момышулы», «Военная история Казахстана», «Развитие профессионального военного обучения в Республике Казахстан», «Начальная военная подготовка» кітаптары көпшілікке танымал.
Кездесу ерекше қызықты өтті. Абай Бөлекбайұлы қатысушыларды сөз саптау шеберлігімен таң қалдырды. Ол өзінің депутаттық қызметі жайлы, қандай заңдарды қабылдауға қатысқаны, әлі де қандай заңдардың қаралу үстінде екенін әңгімеледі. Осы кездесуді кітапханада ұйымдастыру жайлы ойды өзі ұсынғандығын да атап өтті. Ол кітап оқығанды жақсы көреді және осы мәселеге көп көңіл бөледі. Оны жастардың кітапқа деген қызығушылықтарының төмендеп бара жатқандығы алаңдатады. Абай Бөлекбайұлы барлығына тарихты, әсіресе Қазақстан тарихын оқуға кеңес берді, өйткені тарихты білу патриотизм рухын қалыптастырудың негізі.
Кездесу соңында қонағымыз қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кітапханаға Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында жарыққа шыққан екі кітапты тарту етті. Олардың бірі – жазушы-журналист А.Амангелді құрастырған Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастаны, ал екіншісі – Абай Тасболатовтың Ж.Сүлейменовпен бірлесе отырып құрастырған «Дауылпаз баба Қожаберген жырау» жинағы.

ВСТРЕЧА С МАЖИЛИСМЕНОМ  ВСТРЕЧА С МАЖИЛИСМЕНОМ  ВСТРЕЧА С МАЖИЛИСМЕНОМ  ВСТРЕЧА С МАЖИЛИСМЕНОМ

ВСТРЕЧА С МАЖИЛИСМЕНОМ  ВСТРЕЧА С МАЖИЛИСМЕНОМ  ВСТРЕЧА С МАЖИЛИСМЕНОМ

 

Байланысшы: Жанна Сақпанова

 тел.: 261-333,

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26333507
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102