Конференция қонақтарын қарсы аламыз!
- Толығырақ
- Құрылды 16.09.2015 15:32
16 қыркүйек күні кітапханда бастау алған "Жоба - кітапхананы дамыту стратегиясы" республикалық конференциясына еліміздің Астана, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, облыстарынан сондай-ақ, өзіміздің Шығыс Қазақстаннан келген жүзден аса кітапханашы келді. Кітапхана қонақтарды салтанатты түрде "Шығыстың шырайлы елі" әсем әнімен қарсы алды.
Шығыс Қазақстандағы инновациялық әлеуметтік маңызды жобалар қалай қолға алынып, жүзеге асырылады? Пушкин атындағы кітапхана қолға алған «»Біздің Абай» электрондық кітапханасы, «Тосқауылсыз кітапхана», «Аз қамтылған отбасы балаларына ағылшын тілін үйрету», «Ауылдық онлайн орталықтар»,«Brainmade» жастар интеллект-орталығы» т.с. сияқты жобалар қалай іске асырылды? немесе қандай жетістіктерге жетті? Осы мәселер аясында лекция-презентациялар, дискуссиялар, ережені ұғынып, әлеуметтік-маңызды жобаларды әзірлеу жөнінде нақтылы дағдыларды алуға мүмкіндік беретін ой-толғаулар ұйымдастырылады.
Конференцияны Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің профессоры В.К.Степанов «Цифрлық коммуникация дәуірінің кітапханашысы» атты пленарлық лекциямен ашты. Мәскеулік қонақ конференция сессияларының бірінде қазақстандық әріптестерін кітапхана қызметкерлеріне қашықтан аттестация өткізу Жүйесімен таныстырды. Конференцияға қатысушылар екі күн бойы жоба қызметінің ерекшеліктерін, жобаның құрылымы мен құрамдас байланысын, әріптестермен үй тапсырмасын талдап, өз идеяларын аяқталған жоба ұсыныстарына дейін жеткізеді. Сондай-ақ , қаламыздың көрікті жерлеріне саяхат жасайды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26598301
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы