Қайырымдылық акциясы
- Толығырақ
- Құрылды 14.10.2015 16:09
Қайырымдылық айлығы аясында іс-шаралар жалғасуда. 14 қыркүйек күні кітапхана мамандары «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының мүшелерімен бірге Глубокое ауданы, Солнечное кентінде орналасқан «Өскемен кәрілер және мүгедектер интернат-үйінде» болып қайтты.
Кітапхана қызметкерлері интернат-үйінің кітапханасына 140 дана көркем әдебиет сыйға тартты. Біздің мақсатымыз – жасы ұлғайып, жалғыз қалған қарттарға көңіл бөлу, оларға моралдық психологиялық жағынан демеушілік ету. Уақыттарының көбін кітап оқумен өткізетін қариялар апарған кітаптарға риза болып, қарап алып жатты. Әйгерім Нұр-Әбдіқадірова жетекшілік ететін «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының мүшелері аталар мен әжелерге мерекелік концерттерін ұсынды. Ән тыңдап, би тамашалап қарттар мәз-мейрам болып қалды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26335580
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы