Орыс тілінен ақысыз курстар
- Толығырақ
- Құрылды 16.10.2015 09:06
Кітапхананың Орыс тілі мен мәдениет орталығында кезекті орыс тілін оқытып-үйрету курсы басталды. Алғашқы орыс тілін интенсивті оқытудың жазғы курсы осы жылдың маусым айында өткен еді.
Сол кезеңде Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары бағдарламаны жақсы игерді. Қазіргі күні орыс тілін
оқып-үйренуге ынта білдірушілер саны өсуде: ШҚО УССО ММ полиция қызметкерлері, жұмысшылар, студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары орыс тілін жетік меңгеруге талап білдіруде.
Курсанттар екі ай ішінде орыс тілінің негізгі тарауларын қайталап, дұрыс жазу емлесін талдайды, шешендік өнерге үйренеді, өз тәжірибесімен бөліседі.
Сабақтар аптасына екі рет ақысыз жүргізіледі – әр сәрсенбіде 18.00-де, сенбі күні – қашықтан /дистанционно/.
Курсты жүргізетін оқытушы – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры Абдуллина Люция Ильдаровна.
Байланысшы : Сақпанова Жанна
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26327077
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы