Кітапхана мектепте қонақта
- Толығырақ
- Құрылды 29.10.2015 15:20
29 қазан күні А.С. Пушкин атындағы кітапхананың Жастар интеллект-орталығы және Америка Мәдени Орталығы қызметкерлері №45 бейімделген орта мектебінде қонақта болып қайтты. Мәжіліс залына жиналған 6-10 сынып оқушылары қызықты селфи-бейнежазба арқылы кітапханаға виртуалды саяхат жасап, оқушыларға арналған үйірмелер және тілдік курстар жайлы ақпарат алды.
Үйірмелерге қатысатын өздері тәрізді балалардың қолынан туындаған заттарды ерекше қызығушылықпен тамашалап, қызықты тәжірибелерге арналған кітаптарды парақтады. «Біздің Абай» электронды кітапханасымен танысып, ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді. Үйірме жұмыстарына қызыққан оқушылардың көбі кітапханашыларға сұрақтарын қойып, кітапханаға келу ниеттерін білдірді.
Фотосуреттерді осы сілтеме бойынша көре аласыздар
Байланысшы: Кудайбергенова Н.
тел: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26335580
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы