"Кедергісіз кітапхана " жобасы аясында басқосу
- Толығырақ
- Құрылды 13.11.2015 13:43
12 қарашада кітапханада ерекше қажеттілігі бар жандарды әлеуметтік қолдау мақсатында дөңгелек үстел отырысы өтті. Басқосуға қаламыздағы 20-дан астам ұйым өкілдері қатысты. Медициналық-әлеуметтік мекеме, спорттық клуб өкілдері сондай-ақ "Алтын-Ай" қоғамдық бірлестігі, "AVA мүгедектер қоғамы", "Исцеление", « Добровольное общество инвалидов», көз жанары және есту қабілеті нашар жандар қоғамынан қонақтар келді.
Қатысушылар кітапханадағы «Кедергісіз кітапхана» жобасы аясында қолға алынған тілдік, шығармашылық курстар, компьютелік тренингтер т. с.с. жаңа қызмет түрлерімен танысты. Әріптерді үлкейтіп көрсетіп, түсін өзертуге болатын, кез-келген мәтінді оқитын жаңа SARA оқу машинасы немесе бейне-үлкейткіш құрал –жабдығы олардың тарапынан қызығушылық туғызды. Қоғамдық бірлестік жетекшілері өз тараптарынан атқарылып жатқан істер, жұмыс барысында кездесетін қиыншылықтар туралы айтып өтті.
Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін кез-келген мекеменің басқалар біле бермейтін өзіндік ерекшелігі болады. Кітапхана қатысушыларды бірігуге, ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмірлерінде сапалы өзгерістер әкелу үшін ауқымды жобалар жазуға ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, кітапханада жарық көрген « Идеядан жобаға дейін: гранттық өтінім негіздері» басылымымен таныстырды. Барлығы ақылдаса келе ерекше қажеттілігі бар адамдарға қатысты барлық нормативтік-құқықтық құжаттар, әлекуметтік бағдарламалар үшін Пушкин кітапханасының сайтында арнайы веб-парақша ашылатын болды.
«Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші» - облыстық кітапхана мен қоғамдық бірлестіктер қолға алған бұндай игі бастамалар нәтиже, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға көп көмегі тиеді, деп сенеміз.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26047101
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы