homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВТұңғыш Президент Күніне арналған «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Тұңғыш Президент Күніне арналған «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны

Тұңғыш Президент Күні қарсаңында кітапхананың Жастар интеллект-орталығы ұйымдастырған «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны Елбасының өмірі мен қызметіне арналды. Қызықты әрі танымдық сұрақтардан тұратын ойынға 4 команда қатысты. Олар: қалалық Жайдарманшылар, «Парасат» дебат клубы, «Жүректен-жүрекке» еріктілер клубы және ҚАЕУ студенттері. Ойын «Елбасы көрші мемлекет басшыларын қонақ етіп, отағасы ретінде қандай сыйлық сыйлады?», «Президент мектептен кейін Киевке оқуға баруға дайындалып жүргенде қайда жұмыс істеді?», «Президенттің кітаптар мен газет-журналдарды оқуының өзіндік ерекшелігі қандай?» тәрізді қызықты сұрақтардан басталып, келесі раундарға өткен сайын тапсырмалар қиындай түсті.

Әр раунд арасында патриоттық тақырыптағы әсем әндер шырқалып, ойын соңында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Қуатбеков Бақдәулет Елбасыға арнаған Арнауын оқыды.
Ойын нәтижесі барлық қатысушыларды таңқалдырды. Өйткені жеңіске жеткен – Жайдарманшылар командасын құраған мектеп оқушылары Гүлдана Болатова мен Ақбота Әбілметқызы (қалған топ мүшелерінің барлығы студенттер). Жеңімпаздар мен қатысушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылды.

SGK1 SGK3 SGK2 SGK8
SGK4 SGK5 SGK6 SGK7
 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26342200
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102