Тұңғыш Президент күніне арналған шахмат додасының қорытындысы
- Толығырақ
- Құрылды 29.11.2015 17:29
29 қараша күні облыстық кітапхананың Жастар интеллект-орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай шахмат ойынынан балалар мен жастар аралығында финал өтті.
21, 22 қараша күндері іріктеу турнирінде тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсете білген 8 ойыншы финалға қатысты. Ойын разрядшы шахматшылар мен жетекшісі Нышанбаев Болат Айтбайұлы - спорт шеберінің кандидаты жетекшілігімен ұйымдастырылған «Чемпион» клубының жаңадан шахмат үйренушілері болып екі топқа бөлінді.
Әділ, тартысты әрі қызықты өткен іс-шара 3 сағатқа созылды.
Нәтижесінде разрядшы шахматшылар арасында
Манакаев Абылайхан - 1 орынға лайық деп танылса;
Проскурин Алексейге – 2 орын бұйырса;
Клейман Андрей – 3 орынды;
Солоха Всеволод – 4 орынды иеленді.
Жаңадан шахмат үйренушілер тобында
Азат Сұлтан – 1 орынды;
Уранбаев Карим – 2 орынды;
Темников Егор – 3 орынды;
Серик Алихан – 4 орынды өзара бөлісті.
Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Үйірме жетекшісі Болат Айтбайұлы шахмат ойыны жаңа кезеңге қадам басып, кеңінен таныла бастаған спорттың жоғары дәрежелі зияткерлік түрі және жастардың шыдамдылығын, шығармашылық ойлауын және өзін-өзі ұстай білуін қажет ететінін ескере кетті.
Сіздер әр сенбі мен жексенбі күндері сағат 9.00-17.00 аралығында «Чемпион» шахмат клубына келіп қатысуларыңызға болатындығын назарларыңызға саламыз.
| |
|||
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26331437
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы