«Әсем әуен» клубының кезекті кездесуі
- Толығырақ
- Құрылды 29.11.2015 16:55
29 қазан күні «Әсем әуен» клубының кезекті кездесуі өтті. Бұл кездесу қазақ сазының сайыпқыраны, күйші-сазгер, ҚР Халық қаһарманы, дирижер – Нұрғиса Тілендиевке арналды. Кездесу Райымжан Марсеков атындағы мектеп оқушысы Гүлдана Болатованың орындауындағы сазгердің ең танымал әндерінің бірі «Сарыжайлаумен» басталды. Кеш барысында Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы толық ақпарат беріліп, слайд көрсетілді. Қатысушылармен бірге композитордың бірнеше әндері шырқалды.
Ағайынды Абдуллиндар атындағы Шығыс Қазақстан музыкалық училищесінің 3 курс студенті Шайзаратұлы Ержан «Аққу» күйін ал, 2 курс студенті Сапарбек Әли «Көңілді бикеш» күйлерін орындады.
Кітапханамыздың оқырмандары, осы клубтың тұрақты мүшелері Айгүл Джаниярова «Куә бол» әнін ал, Тілебалдина Күлзия «Құстар әнін» салды.
Байланысшы: Құдайбергенова Н. К.
Тел: 26-13-33
| |
||
| |
|
|
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26324522
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы