Мәңгілік классика
- Толығырақ
- Құрылды 08.12.2015 14:56
10 желтоқсан күні сағат 17.00-де кітапхана барша оқырмандары мен көркем Сөзді бағалаушы қауымды отандық және әлемдік классика жауһарларына арналған әдеби кездесуге шақырады. Мерекенің құрметті қонағы – Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшісі Бочарников Михаил Николаевич.
Әдебиет қашанда халық пен халықты жақындастыратын өркениеттің негізгі дәнекері. Бұл ретте классикалық әдебиет ерекше құдіретке ие. Өз заманының нәзіктігі мен сезімталдығын бойына жинаған классика біздің ішкі әлемімізді байытып, шабыттандырып, әсемдікке деген махаббат отын маздатады. Бұл – әлемдегі адамзат құндылықтары мен адамгершілік, рухани бағдарға негізделген баршаға түсінікті әмбебап тіл.
Қонақтар назарына «Қазақтың жүз романы»,«Библиотека казахской литературы», «Алтай‑Ертіс кітапханасы», «Библиотека русской класссики», «Библиотека зарубежной классики» серияларын қамтитын ауқымды кітап көрмесі ұсынылады. Кеш жүргізушілері әлемдік әдебиеттің символына айналған ұлы есімдерге, танымал жазушылар мен олардың өшпес туындыларындағы айтулы даталарға, қызықты фактілерге тоқталады.
Әрбір білімді азамат үшін әлем классиктерінің эталондық шығармалары әрқашанда қызықты, маңызды болып қала бермек. Олардың өміршеңдігі уақыт пен кеңістікке тәуелсіз. Терең ойлы, лирика мен даналыққа бай бұл шығармалар біздің жүрегімізден мәңгі орын алмақ. Шығармаларды парақтаған сайын біз олардан ой түйінін, рухани тәжірибе, ерекше шабыт аламыз.
Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаев «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді» деп, адамзат дамуының жаңа жолын ұғындыруға тырысқан. Классиканы оқып, сөз әсемдігі, ой тереңдігімен тамсанып, сол арқылы өмірімізді жаңа мән-мағынаға толтырайық.
Тел.: 261-333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26331848
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы