homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВФранция Елшісі қонақта
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Франция Елшісі қонақта

11 желтоқсанда кітапханаға Қазақстандағы Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жоғары мәртебелі Франсис Этьен болып қайтты. Франсис Этьен мырза қаламызда өткен "Алтай агро Инвест - 2015" халықаралық форумына келген болатын. 

Құрметті қонақпен бірге хаттама және байланыстар бойынша кеңесші Раушан Әшімбаева Франция Елшілігі экономикалық бөліміндегі атташе Сирил Низар, «Бизнес Франс» (Business France) агенттігінің директоры Лоран Дамас, «Бизнес Франс» (Business France) агенттігі директорының орынбасары Стевен Бостроэм, «Бизнес Франс» агенттігінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша маманы Рүстем Жапаров жүрді.

Франциялық делегацияның сапары - қарапайым сыпайылық белгісі емес. Іс жүзінде Франция Елшілігі мен А.С.Пушкин атындағы кітапхананың бұрыннан тығыз мәдени байланыстары бар.

Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен А.С. Пушкин атындағы кітапханада француз әдебиетінің залы жұмыс істеп, француз әні, киносының фестивальдары, әдеби көрмелер ұйымдастырылып жатқанына 12 жыл болды. Залды пайдаланушылар мұнда оқу-әдістемелік курстардың топтамасын, мамандандырылған сөздіктер, медиа-құралдар, елтану және көркем әдебиетті пайдалана алады.

Кітапханада өткізілген экскурсиядан кейін «Берель» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының «Ұлы мұра» экспозициясы франциялық делегацияның назарына ұсынылды. Қонақтар мұражай әдіскері Жанар Елемесованың Берель қорғандарының сенсациялық жаңалықтары туралы ерекше әңгімелерін үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Этьен мырза кітапхана қызметкерлерімен бірге француз әдебиетінің залын дамыту болашағы мен мәдени ынтымақтастық жоспарларын талқылады. Ол франциялық қорға промо-материалдар (QR-кодтары бар бүктемелер, флаер, постерлер) мен атақты Эйфель мұнарасының сәндік мүсіншесін табыстады.

Байланысшы: Мырзабаева Жанара
Тел: 261-333
 
French Ambassador 1 French Ambassador 4 French Ambassador 2 French Ambassador 3

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26336581
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102