"Ұлы мұра" көрме
- Толығырақ
- Құрылды 12.12.2015 17:11
11 желтоқсанда кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күніне орай "Берел" тарихи-мәдени мұражай қорығының "Ұлы мұра" көрмесінің ашылуы болып өтті.
Көрменің ашылуына қаламыздағы Қ. Нұрғалиев атындағы колледж студенттері, мектеп оқушылары, мәдениет қызметкерлері келді. Көрмені мұажай-қорық директорының орыбасары Алмас Сарбасов ашты. Алмас Тлеужанұлы Катон-Қарағай өңіріндегісақ патшаларының жазығында орын алған "Берел" мұражай-қорығының ашылу тарихына, ондағы қазіргі күні атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, қонақтар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері тарихшы-археолог Кущ Галина Александровнаның әңгімесін қызыға тыңдады. Г.А.Кущ өз сөзінде Берел қорғанына жүргізілген археологиялық зерттеулер және оның ғылым саласындағы маңызы туралы айтып өтті. Бұл кісінің өзі қорғанға алғаш қазба жұмыстары басталғаннан бастап, зерттеу жетекшісі , танымал ғалым Зейнолла Самашевпен бірге зерттеу жұмыстарына қатысқан.
Мұражай әдіскері Жанар Елемесова қонақтарды "Ұлы мұра" көрмесімен таныстырды. Берел қорғандарында жылдар бойы жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесін көрсететін фотоплакаттар, баннерлерге жеке-жеке тоқталды.
Мұражай әдіскері Жанар Елемесова қонақтарды "Ұлы мұра" көрмесімен таныстырды. Берел қорғандарында жылдар бойы жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесін көрсететін фотоплакаттар, баннерлерге жеке-жеке тоқталды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26331437
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы