БҰҰДБ Шығыс Қазақстандағы қызметінің қорытындылары
- Толығырақ
- Құрылды 16.12.2015 10:44
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында кітапханада «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктері: ШҚО тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік өкімет өкілдері, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қызметкерлері және оның басқа облыстардағы серіктестері қатысты.
Сондай-ақ, қатысушылар арасында Қызылорда, Маңғыстау өңірлерінен кәсіпкерлер Палатасының өкілдері де болды. БҰҰДБ-ның Шығыс Қазақстан облысында қызметі «Инновациялық тәсілдерді аймақтық жоспарлауға енгізу және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету арқылы аймақтың бәсекелестігін көтеру (Семей аймағының мысалында)» БҰҰ Бірлескен бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.
Шығыс Қазақстандағы БҰҰДБ координаторы Малика Қоянбаеваның жетекшілігімен дөңгелек үстел отырысы сұхбат түрінде өтіп, 2011-2015 ж. ж. облысмыздағы БҰҰДБ қызметін қорытындылады.
Шағын бизнес өкілдері, мемлекеттік емес ұйымдар, білім беру және мәдениет мекемелерінің директорлары сөз алып, БҰҰДБ-мен бірлесе іске асырған жобалары туралы әңгімеледі.
Басқосу аясында БҰҰДБ бенефициарлары өндірген өнімдердің жәрмеңкесі, № 3 құлақтары нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернет оқушыларының еңбектері «Глазами объектива» фотокөрмесінде ұсынылды. Көрме-жәрмеңкеде Өскемен, Аягөз қалаларындағы мүгедектер қоғамы шеберлерінің қолынан шыққан тігін өнімдері, ЖК "Жибраев" ұсынған бал өнімдері, киізден, балшықтан жасалған бұйымдар т.б. тұрмысқа қажетті заттар - осының барлығы БҰҰДБ бөлген гранттар мен пайызсыз қарыздың арқасында іске асып отыр.
Дөңгелек үстел отырысын аяқтай келе бағдарламаның кеңесшісі Жибраева Жанар өзінің әріптестері мен серіктестеріне алғысын айтып, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26328753
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы