"Алтын-ай" қоғамдық бірлестігінің "Шаг на встречу" жобасы туралы
- Толығырақ
- Құрылды 26.12.2015 16:01
24 қаңтарда кітапхана мамандары ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы бойынша "Алтын-ай" мүгедек әйелдер қоғамдық бірлестігі жүзеге асырған "Шаг на встречу" жобасы талқыланып, қорытындысы шығарылған басқосуға барып қайтты.
Кездесуге «Алтын-Ай» ҚБ негізінде психоневрологиялық ауытқушылықтары бар балалар мен 18 жастан асқан тұлғаларға арналған «САД» жартылай стационарлық бөлімшесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары болды. «Алтын-Ай» мүгедек әйелдер қоғамы бірлестігінің жетекшісі М.М.Мирвазетдинова және педагогтар бір жылдың ішінде атқарылған жұмыстарға анализ жасап, балалардың жеткен жетістіктеріне сондай-ақ, алдағы жылы жоспарға алынған проблемаларға тоқталды. Ата-аналар Мағиза Мубараковнаға ризашылықтарын білдіріп, Алғыс хат ұсынды.
Кітапхана мамандары Бахтылы Рахимбаева мен Сауле Шингалиева ата-аналарға 6 ай ішінде компьютерлік, ағылшын тілі, қазақ тілінен курстан өткен балалардың жеткен жетістіктері туралы айтып берді. Сондай-ақ оларға кітапхананың қызметі мен ресурстары туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.
Болашақта кітапхана "Алтын-ай" мүгедек әйелдер қоғамдық бірлестігімен қызметтестігін одан әрі жалғастырып, әлеуметтік-психологиялық оңалтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруда қолдау көрсетуге әрқашанда дайын.

Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26048410
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы