"Қызым саған айтам" клубындағы басқосу
- Толығырақ
- Құрылды 13.02.2016 01:22
12 ақпанда Жастар интеллект орталығында жаңа бірлестіктің ашылуы өтті. Бұл клуб тек қыздарға арналады. Дастархан басында жиналғандар жаңа клубтың алдағы жоспарларын талқылады. Іс-шараға қатысқан аға-буын өкілдері кітапхананың достары "Қазына" ансамблінің мүшелері кітапхана мамандарымен бірлесіп жұмыс істеп жастарға өз тәжірибелерін үйретуге тілек білдірді.
«Қыз өссе – елдің көркі» деп бабаларымыз айтқан өнегелі сөздің астарында «елге көрік болатындай өссе екен» деген ізгі тілек жатқандай. Ата-салтын, әдет-ғұрпын ақыл-таразысына салып, ана әлдиінен нәр алған, қазақ аруларының бойындағы бар асыл қасиет қазіргі бойжеткен, жасөспірім қыздарымыздың бойтұмарына айналуға тиіс. Жаңадан ашылған клубта кітапхананың бай әдебиеттер қоры, апа-әжелеріміздің ақыл-кеңестері, әдеби басқосулар барлығы да сұлу бойжеткендеріміз үшін. Келесі басқосу 8 наурыз мерекесі қарсаңында өтеді. Ақпараттар кітапхана сайтында беріліп отырады. Хош келдіңіздер!
Байланысшы: Ашкенова Жансая
Тел.:26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338002
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы