homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Қазақстан – Өскемен» телеарнасындағы ток-шоу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Қазақстан – Өскемен» телеарнасындағы ток-шоу

Кітапхана қызметкері Зиза Мұхтарханқызы «Қазақстан -Өскемен» телеарнасында өткен «Жастар неге кітап оқымайды?» атты ток шоуға қатысты. 

«Оқырмандар қатары неге сиреп кетті?», «Жастар неге кітап оқуға құлықсыз?»»Еліміздегі кітап нарығы қандай?», «Ақпарат алудағы интернеттің пайдасы мен зияны?», «Қазақ тіліндегі кітаптар неге аз оқылады?»  т.б сұрақтар талқыланып, қызу пікірталасқа түсті.

zmТок -шоуға жастар шақырылған екен. Пікірталас екіге бөлінді. Біреулері интернет пайдалы десе, екіншісі оның зиянына тоқталды. Студент Әсем Қасымова: «Интернет желісін тиімді пайдалансаң оның зияны жоқ.  Тек ертеңнен түн ортасына дейін ватсапта отыруға болмайды, кітапті желі арқылы да оқуға болады» -деген пікір айтты.  Кітапханашы З. Мұхтарханқызы кітап оқуда ата-ана, мектеп, кітапхана болып   қолға алу керектігін айтты. Атан –ана өзі күні бойы желіден көз алмаса, бала кітапты қайдан біледі? Мұғалім оқушының әкелген ақпаратына үлкен талап қоя білу керек,  әйтпесе оқушы интернеттен кездескен кез-келген ақпаратты ала салады. Творчестволық ізденіс қалыптаспайды.  Аз уақыт ішінде дамыған мемлекеттер қатарына қосылған Сингапур  мектептерінде оқушының интернеттен алынған рефераттарын қабылдамайды екен. Баланың өз бетімен ізденуіне мүмкіндік береді. Талап жоғары деген сөз.

Студент К. Идаятұлы: «Интернеттің бәрі бірдей нақты шындық емес, ақпаратты ресми сайттардан ғана алу керек. Электронды кітапхана деген бар, көркем әдебиетті көтеріп жүрмейсің, жүктеп ал да кітабыңды оқи бер. Меніңше, кітап оқуға интернеттің еш зияны жоқ.- деген пікір білдірді. Бірнеше көрермен телефон арқылы хабарласып, өз ойларын ортаға салды.

Расында бүгінгі жастардың кітапты аз оқитыны жасырын емес.  Оқырмандардың оқу деңгейі төмен. Жас мамандар өз мамандықтары бойынша аз оқиды. Өз білімін жетілдіруге жете көңіл бөлмейді. Ақпараттар ағысы жылдам, ілесіп үлгермейсің. Білімін көтермеген соң дәрігер дұрыс емдемейді, мұғалім дұрыс оқытпайды –ол өтірік емес. Осының бәрі елдің әлеуетіне әсер етеді  Кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап оқыған адамның ой-өрісі биік, көкірегі ояу. Кітап оқыған жас бала ертең сауатты, әрі білікті маман болып шығады. Ток-шоуға қатысушылар біраз пікірталастан соң, кітап оқуға интернеттің кедергісі жоқ. Тек  әр нәрсені тиімді пайдаланған жөн. Ал кітап оқуды тал бесіктен, ата-ана тәрбиесінен, мектептен бастаған жөн деген пікірге тоқталды. 

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26340062
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102