homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВСайыстан соңғы ойлар
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Сайыстан соңғы ойлар

«Романтика апталығы» да  өз мәресіне жетті.  Қаламызда Халықаралық франкофония күні туралы көп айтылды. Бұл күндері кітапханамыздағы Француз оқу залы оқырмандарымыздың назарында болды.  Сонымен, дәстүрлі 8-інші ұлттық  франкофон әндерінен сайыс та өтіп кетті.  Мирей Матье, Эдит Пиаф, Лары Фабион, Жака Бреля және  "Нотрдам де Пари" мюзиклынан орындалған  әндерді сайысқа қатысушылар жеңіл әрі  кәсіби шеберлікпен орындады. Музыкалық шығармалардың орындалуын әділқазылар  және француз тілін жетік меңгерген мамандар  бағалады.

Александр Галсанов, әділқазы алқасының төрағасы, ШҚО әкімінің Симфониялық оркестрінің дирижері:

- Өте керемет болды!  Барлықтарыңызды,  сайысқа қатысушылар мен ұйымдастырушыларды құттықтаймын! Әндер өте жоғарғы  деңгейде орындалды. Сайыстан тыс орындалған әндер,  жеңімпаздармен  тең  деңгейде  ән айтып, қонақтар көңілінен шыққан Анастасия Трухина мен Дарья Шмаленконы атап өткім келеді.  Барлық қатысушыларды құттықтаймын, айтар ұсынысым, болашақта сайысқа қатысушылар санын арттыру керек.

Акмарал Ешенова,  Гран-при:

- Мен үшін бұл кітапхана   -  кітап қоры бай,  қарым-қатынас жасауға болатын, білім әлемі. Бұл жерде кітап оқып, жаңа достар табуға болады.  Сайыстан өте керемет әсер алдым. Барлық конкурсанттар өте талантты.  Барлығы да жеңіске лайық, мен өзім гран-приді жеңіп аламын деп ойламаппын.  Осындай сайысқа қатысқаныма өте қуаныштымын!

   Жибек Бисенгалиева, Бірінші орын:

- Кітапхана менің екінші үйім сияқты.  Мен мұнда жиі келемін: сабақ қараймын, достарыммен кездесемін. Өзім Қазақстан-Американдық Еркін Университетінің студентімін,  шет тілдері қатты қызықтырады.  Кітапханада  осы тілдерді меңгеруге үлкен мүмкіндік бар.

Еламан Муратханов, Екінші орын:

- Мен ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің  студентімін. Вокал бөлімінде оқимын. Мен  франкофон емеспін,  бірінші рет қатысып отырмын. Екінші орын алдым,  мен  үшін бұл кұтпеген жағдай. Мықты әрі талантты конкурсанттар өте көп.  Пушкин кітапханасын мен өзім білім алып, рухани дамуға мүмкіндік беретін ерекше орын деп ойлаймын.  Кітап – теориялық өмір мектебі деп білемін.  

Марина Петрова, Шляпалар сайысында Бірінші орын:

-  Мен өте абыржыдым, бірінші орын аламын деп мүлде ойламаппын.  Сахнаға  шыққанда, маған қарап отырғандарға  абыржып тұрғанымның көрінбейтінін,өзімді  подиумға шыққан модельдер  сияқты ұстау керектігімді түсіндім.  Дос қызым Ольга Шапкина екеуіміз жасаған қалпағымызды көрсеттім. Шляпа  готика стилінде жасалып,  қарға  ханымының  образын жасадық.  Біз Қ. Нұрғалиев атындағы колледжде,  дизайнер мамандығында оқимыз.   Мен үшін кітапхана  - білім, тыныштық, рухани әлем.  Сондай-ақ,  демалып,  уақытыңды қызықты әрі пайдалы өткізуге болатын орын.

   Байланысшы : Ашкенова Жансая тел. 261-333, ішкі. 119      

ajnj 1 rjyrehc ajnj 2 rjyrehc ajnj 3 rjyrehc ajnj 4 rjyrehc ajnj 5 rjyehc ajnj 6 rjyrehc

 

                                                                

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26333971
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102