homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВБалалар Наурыз мейрамы туралы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Балалар Наурыз мейрамы туралы

17 наурыз күні кітапхананың Балалар бөліміне №44 Оралхан Бөкей атындағы мектеп-лицейінің оқушылары қонаққа келді. Кітапхана маманы Нұрсауле Жақып қонақтарды қарсы алып, Наурыз мейрамы, салт-дәстүрлер туралы әдебиеттер көрмесімен таныстырып, осы тақырыпта медиа сабақ өткізді. Ежелден келе жатқан ұлттық мереке туралы балалар не біледі екен? Олар кітапханаға неге келді екен? Осы сауалдарды балалардың өздеріне қойған едік.

Ильяс Елубаев:
- Наурыз көктем мерекесі. Қыстан кейін айнала құлпырып сала береді. Күн жылынып, гүлдер шыға бастайды. Барлық жерді тазалап, ағаш отырғыза бастаймыз. Бұл күндері адамдар бір-біріне қонаққа барып, бақыт пен жақсылық тілейді.
Жансая Тельтаева
- Наурыз- мейірімділік мерекесі. Барлығы бірі -біріне сыйлық сыйлап, көктемнің келуімен құттықтайды. Мен кітапханаға келіп кітап оқимын. Міне Вот «История Винкс» кітабының соңғы кітабын оқып бітірдім. Мұнда кітаптар өте көп. Біз бүгін сыныбымызбен келіп, әжелермен кездестік. Қыздармен бірге би билейміз. Заманауи би билесек те киімдерімізде қазақтың оюлары бар. Биімізді біз барлықтарыңызға Наурыз мерекесіне тарту етеміз.
Анеля Ракишева:
- Наурызда жаңа жылды қарсы аламыз. 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Бұл мерекені бүкіл халық болып қарсы алып, барлығы бір-біріне жақсы тілектерін айтады. Барлықтары бір-біріне гүл сыйлап, дастархан жайып, ән шырқап көңіл көтереді. Мен кітапханаға келгенді жақсы көремін. Мұнда өте қызық. Біз бүгін бүкіл сыныбымызбен келіп, Наурыз мейрамы туралы көбірек ақпарат алу үшін келіп отырмыз.
Гульназ Бахытовна Жанабекова, №44 Оралхан Бөкей атындағы мектеп-лицейі, бастауыш сынып мұғалімі:
- Кітапхана бізге осындай әр түрлі іс-шараларды өткізуге көмектеседі. Мұнда балалардың, кітап оқуға ынтасы артады. Әр түрлі бағыттағы үйірмелерге келеді. Бүгін міне, кітапхана мамандарымен бірге Наурыз туралы сынып сағатын өткізудеміз. И сегодня мы здесь встречаемся и проводим классный час, говорим о празднике Наурыз. Кітапхана мәдениет пен қарым-қатынас жасаудың орталығы. Мен өзім студент кезімнен кітапхананың тұрақты оқырманымын. Біздің мектеп ұжымы кітапханамен әрқашан бірге әр түрлі мәдени іс-шаралар өткіземіз. Мен кітапханада өзімнің кәсіби білімімді тереңдетемін.Ұлыстың Ұлы Күні қарсаңында барлықтарыңызға денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін.

Байланысшы: Жансая Ашкенова , тел. 261-333, ішкі 119

 
ajnj 3 ltnb yfehsp ajnj 4 ltnb yfehsp ajnj 1 ltnb yfehsp ajnj 6 ltnb yfehsp ajnj 5 ltnb yfehsp ajnj 2 ltnb yfehsp

 

 

 

 

 

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26334105
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102