homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВОлимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен кездесу

1 сәуір күні сағат 15.00-де қаламыздың жастары кітапханада танымал боксшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен кездесті. Серік Жұманғалиұлы Сәпиев - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген спорт шебері Қарағанды облысы Абай қаласында дүниеге келді. Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Серік Сәпиев әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы , әлемнің екі дүркін чемпионы , күміс және қола медальдарының иегері, Азиада ойындарының жеңімпазы , Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама командасының капитаны.
Қазақ боксының ғана емес, әлем боксының жарық жұлдызына айналып үлген Серік Сәпиев 2012 жылы Лондон Олимпиадасының ең үздік боксышы атанып, Баркер кубогын қанжығасына байлады. Елімізде Василий Жиров (1996), Бахтияр Артаевтан (2004) кейін бұл кубокты Серік үшінші болып иеленіп отыр.
2012 жылы Серік Жұманғалиұлы Илья Ильинмен бірге «Халықтың сүйіктісі» республикалық қоғамдық сыйлығын «Құрметті жыл спортшысы» номинациясы бойынша алды. Спортшы 2013 жылдың 23 тамызынан бастап ЮНЕСКО-ның Спорт саласы бойынша ерікті елшісі болып табылады. Қазіргі таңда С. Сапиев 2010 жылы Қазақстан Бокс Федерациясы құрған Astana Arlans спорт клубының бас директоры.
2014 жылы Қарағанды облысының намысын қорғаған Сәпиевтер жанұясы «Мерейлі отбасы» республикалық ұлттық сайысында жеңіске жетіп, үздік отбасы болып танылды.
Серік Сәпиевтің ата-анасы 30 жыл бірге өмір сүріп жатыр. Әкесі Жұманғали Дауытұлы Сәпиев 68 жаста, зейнеткер. Зейнеттегі жұбайы Ириной Фоминичнамен 4 бала тәрбиелеп өсірген. Серік жұбайы Мөлдірмен бірге 3 бала тәрбиелеуде.
Танымал спортшымен кездесу әңгіме түрінде өтті. Кездесуге қаламыздың спортшылары, студенттер, мектеп оқушылары келді.

 

Байланысшы: Жансая Ашкенова, тел. 261333, ішкі. 119

 
sapiev sapiev1 sapiev2 sapiev3 sapiev4 sapiev5
sapiev6 sapiev8 sapiev7 sapiev11 sapiev9 sapiev10

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339691
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102