homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКітапхананың көне оқырманы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Кітапхананың көне оқырманы

Мария Дмитриевна Решетова осы жылдың сәуір айында 91 жасқа толады. Мария Дмитривна 67 жыл біздің тұрақты оқырманымыз. Ол кісінің есінде кітапхананың алғашқы ғимараты, кішкентай залдары бәрі сақталған. Кітаптар ол кісіні әрқашан тартып тұратын. Ал бүгінде Мария Дмитриевна кітапхананың тұрақты оқырманы әрі өткізілетін көптеген іс-шаралардың қатысушысы болып табылады.

- Мен Өскеменде 1949 жылдан бері тұрамын. Содан бері біздің Пушкин атындағы кітапханаға келемін. Кітап оқығанды жақсы көремін. Биылғы жылы электрондық кітап сатып алдым. Кітапхана мамандары менің сүйікті романдарымның электрондық вариантын осында жүктеп берді. Енді үйде, дачада болсын оқығанға өте ыңғайлы болды.
- Қандай кітап оқығанды жақсы көресіз?

- Классикалық әдебиетті жақсы көремін. Үйімде орыс классикасынан шағын жеке кітапханам бар. Заманауи авторлардан маған Вильмонт, Олег Рой, Ирина Волчек ұнайды. Ағылшын авторларынан Барбаруа Картлендті оқимын. Жаңадан шығып жатқан авторларды оқып отырамын.
- Мария Дмитриевна, адамға кітап оқыған не береді?
- Кітап оқыған сайын адамның білімі толыға түседі. Мен теледидар көремін, кітап оқимын. Адамзатқа күнделікті білім-танымын кеңейтіп, оқымай болмайды.
- Кітап оқығаннан басқа немен айналысқанды ұнатасыз?
- Сіздердің кітапханаларыңызда ұйымдастырылған клубтар ұнайды. Мен зейнеткерлерге арналған «В Кругу друзей» клубының тұрақты мүшесімін. Сондай-ақ өткізілетін іс-шараларға үнемі келіп тұруға тырысамын.
Бұл клуб зейнеткерлер үшін өте маңызды, мұнда бірі-бірімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі бар. Басқосуларда білімімізді кеңейтіп, жағымды эмоциямен қайтамыз..
- Мария Дмитриевна, сіз дәрігер-мамансыз, ұзақ өмір сүрудің құпиясы неде деп ойлайсыз?
Денсаулығың мықты болып, ұзақ  өмір сүру үшін, ерекше шарттар сақталуға тиіс. Жақсы өмір, салауатты өмір салты, мiнез-құлқын, сондай-ақ тамақтануың және адамдармен қарым-қатынасың барлығы дұрыс болуы тиіс.
- Кітапхана 120 жылдық мерейтойын атап өтеді. Сіз кітапханамен, кітапхана ұжымымен үнемі достық қарым-қатынастасыз, осы айтулы мереке қарсаңында не айтар едіңіз?
- Мен тұрақты оқырман ретінде мамандардың барлығын білемін. Барлықтарыңызды мерейтойларыңызбен құттықтаймын, денсаулық, денсаулық тағы да денсаулық тілеймін. Ұзақ өмір сүріңіздер! Барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
- Мария Дмитриевна, біз де сізді туған күніңізбен құттықтаймыз! Біздің белсенді, тұрақты оқырманымыз ретінде кітапханаға әлі де көптеген жылдар келіп жүре беріңіз.

                                                                                                                                  Жансая Ашкенова

Тел.: 26-39-46 ішкі 119

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26336831
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102