Алғашқы қадамыңды жаса
- Толығырақ
- Құрылды 16.03.2016 15:50
Кітапханның ерекше қажеттілігі бар жандармен жұмыс жасаудағы мақсаты қандай? Осы жайында «Кедергісіз кітапхана» жобасы ааясында кітапхана мамандарына өткізілген семинарда әлеуметтік жұмысшылар мен волонтерлар ассоциациясының төрайымы, педагогика ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессоры Көккөзова К.Ш әңгімелеп берді.
«Кедергісіз кітапхана» жобасы бүгінгі таңда кітапхана қызметкерлері үшін әлеуметтік жұмыс саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамытуда ең маңызды жобалардың бірі.
Кульчария Шамильевна «Әлеуметтік қызметкердің міндеті - өз пайдаланушыларының жеке қабілеттері мен ерік қасиеттерін дамытуға оларды дербес әрекет етуге ынталандыру болса, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеуде кітапхананың басты міндеттерінің бірі олардың өздерін сенімділікке жетелейтін, достар табуға көмектесетін ақпарат беру. » - деп санайды.
Кульчария Шамильевна, сіз шетелдерде жиі боласыз, әлеуметтік жұмыс бойынша әр түрлі семинарларға қатысып, осы саланың қалай дамып келе жатқанын бақылап, көріп жүрсіз, сіздің ойыңызша біздің қаламызда әлеуметтік жұмыстың дамуы қандай деңгейде?
"Шығыс Қазақстанда атап айтқанда Өскеменде бұл бағытта үлкен қадамдар жасалып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Біріншіден, қоғам «әлеуметтік жұмыс, ол тек қарттар мен мүгедектерге күтім» деген стереотиптік түсініктен арылып, бұл жұмысты қабылдап отыр. Бұл ұстаным дұрыс емес. Адамдар әлеуметтік жұмыстың күнделікті жұмыс екенін түсіне бастады. Біздің әрқайсымызға күнделікті қолдау қажет. Бұл қадам үш компоненттен тұруы керек - әлеуметтік саясат, әлеуметтік мәдениет және әлеуметтік іс-тәжірибе. Біздің елімізде әлеуметтік саясат жақсы дамыған, бірақ әлеуметтік мәдениет, инклюзивті мәдениет жоқ. Бірінші мен үшіншінің арасындағы алшақтықтықтың кері әсер ететіні сондай, көбінде атқарылатын жұмыстарға көңіл толмайды. Бұл менің жеке пікірім. Бұның бәрі әлеуметтік мәдениеттің төмендігінің салдары.
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Тел.: 26-39-46 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341212
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы