Мәкен Рахимованың «Шуақты менің жылдарым...» кітабының тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 07.04.2016 15:51
7 сәуір күні біздің кітапханада байырғы ұстаз, қоғам белсендісі Мәкен Рахимованың «Шуақты менің жылдарым...» кітабының тұсаукесері өтті.
Авторды құттықтауға ардагерлер қоғамындағы әріптестері, достары, туысқандары және оқушылары келді. Олардың арасынан Ахаев Василий Иванович, қаламыздағы № 3 мектеп-гимназиясының директоры Акитбаев Есім Турысбекұлы, облыстық маслихат депутаты Чернышов Олег Владимирович сөз алып, ізгі тілектерін білдірді.
«Адам біраз өмір кешіп, бел -белестен асқаннан кейін тағдырдың ащы-тұщысының дәмін татқан соң , жүріп өткен жолына бұрылып қарайтын кездері болады.Осындайда бастан кешкен оқиғаларды екшеп, таразылап, үлкен өмірден көрген - білгенді жастарға үлгі-өнеге, ұлағат, аманат ретінде айта жүру- үлкен парыз»- дейді автор.
Кітаптың басты тақырыбы – жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру. Автор өзінің көп жылғы ұстаздық тәжірибесіне сүйене отырып, ұрпақ тәрбиелеу үрдісіне, өлкеміздегі білім беру ісінің тарихына тоқталады. Өзі пір тұтқан, есімдері елге әйгілі ұстаздар жайлы ой толғайды.
Бүкіл өмірін жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған қарт ұстаз қоғамдық жұмыстары жайлы да мол мағлұмат береді. Мәкен Рахымқызының Меновное ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрайымы, облыстық ардагерлер кеңесінің Президиумы мүшесі ретінде тындырған істері де ауқымды.
Мәкен Рахымқызының ауыл тынысы, өзін қоршаған жайсаң жандар өмірінен сыр шертетін мақалалары да кітапқа енген.
Байланысшы: Ашкенова Ж., 261333, ішкі 123
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26330089
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы