«Ел бірлігін сақтаған татулықты айт... »: айтыскер ақын Б.Имашевпен кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 09.05.2016 20:36
11 мамыр күні кітапханада «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» кітабының тұсаукесері өтті. Кездесуге «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері, белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаштың өзі қатысты. Жаңа кітап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, жыр алыбы Жамбыл атамыздың 170-жылдық мерейтойына арналған.
Айтыс ақыны – уақыт жыршысы, ізгілік жаршысы. Қоғамдағы айтулы оқиғалар мен жаңалықтар, жетістіктер мен әттегенайлар ақын назарынан тыс қалмақ емес. Жаңа жинаққа Мұхамеджан Тазабек, Аманжол Әлтаев, Мэлс Қосымбаев, Серікзат Дүйсенғазин, Ринат Зайытов, Айгүл Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысқызы сынды үздік 25 ақынның Тәуелсіздік, Елдік, Бірлік, Иман, Тіл мен Руханият, Елбасы мен Елорда туралы айтқан айшықты шумақтары енгізілген.
Кездесуді филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков жүргізіп, айтыскер ақынның шығармашылық жолын әңгімеледі. Көпшілік қауым назарына жалпы айтыс өнері, Балғынбек Имаштың шығармашылық жолы туралы «Айтыс өнерінің жүйрігі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Презентацияға айтыскер ақындар, жазушылар, әдебиетшілер, студенттер, оқушылар, кітапхана оқырмандары қатысты.
Кітап тұсаукесеріне ақынның қатысуы жиынға ерекше рең беріп, ұмытылмастай әсер қалдырды. Жиналған қауым айтыс өнері жүйрігінің тағылымды әңгімелері мен әндерін тыңдап, қазіргі айтыстың ахуалы, жай-күйі жөнінде сұрақтарын қойып, ақынмен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында осындай елге танымал ақындардың сүзгіден өткен сындарлы сөздері жастарды ана тілін құрметтеу, елі мен жерін қорғау, ел тәуелсіздігі мен елбасына адалдық тәрізді патриоттық сезімдерге баулып тәрбиелейді.
Тұсаукесерден түсірілген бейне-репортажды мына сілтеме арқылы көруге болады
https://youtu.be/SrHJhkwB9cA https://youtu.be/SrHJhkwB9cA.
Контакты: Рахимбаева Б.С., тел. 261333, вн. 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338216
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы