homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Тоқтағали Жанкелдин: ер есімі – ел есінде»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Тоқтағали Жанкелдин: ер есімі – ел есінде»

Ұлы Отан соғысындағы партизандар қозғалысы туралы, олардың ерлік қимылдары жайлы тебіренбей айту мүмкін емес. Майдан даласында, партизандық қозғалыста, тылда болсын қазақ халқы ерлік пен төзімділігін көрсете білді. Солардың бірі, есімі әйгілі партизан–жазушылар Қасым Қайсенов, Әди Шәріповтармен қатар тұруға  лайық – Тоқтағали Жанкелдин.

18 мамырда кітапханада даңқты жерлесіміз,  жазушы, майдангер-партизан Тоқтағали Жангелдиннің 100 жылдық мерейтойына орай іс-шара өтті. Басқосуға студенттер, оқушылар келді.

ТоқтағалиЖангелдин алғашқы күннен бастап-ақ, майданның алғы шебінде болған. Орталық майданда артиллерия батареясының командирі, одан кейін партизан бригадасы комиссарының орынбасары және Белоруссия ЛКСМ Борисов астыртын қалалық комитетінің мүшесі ретінде аса қауіпті, ерекше күрделі, сан-сала қызмет жүргізеді. Қонақтарға қазақстандық партизан жайлы түсірілген деректі фильмнен үзінді кеш  ұсынылды.

Кейіннен жазушы болған Тоқтағали Жанкелдиннің Белорус партизандарының ерлік ісінен сыр шертетін «Партизан күнделігі», «Партизан жорықтары», «Сын сағатта» кітаптары жарық көрген.

Соғыс аяқталған соң Т. Жанкелдин қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Мәскеу қаласындағы Қоғамдық ғылымдар Академиясында оқуын тәмамдап, философиядан кандидаттық диссертация қорғайды. 1965 жылы «Сәкен Сейфуллин» атты зерттеу жұмысы жарыққа шығады.

Тоқтағали Жанкелдин Қызыл Ту ордені,  1-дәрежелі «Ұлы Отан соғысының партизаны» т.б. медальдармен марапатталған.

Осындай Қаһармандарымыздың өмірі – біздің тарихымыз. Ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын. Елімізде бейбітшілік болсын. Тоқтағали Жанкелдин сынды айбынды азаматтарымыз көп болсын!

fyutkmby 8 fyutkmlby 6 fyutkmlby 2 fyutkmlby 4
fyutkmlb 1 fyutkmlby 9 fyutkmlby 3 fyutkmlby 5

  Контакты: Райхель В.А. ., тел. 261333, вн. 119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338216
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102