homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҰлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі

24 мамыр сағ. 15.00-де  кітапхана салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер мен жаттығу залының тұсаукесеріне шақырады. Тұсаукесер бағдарламасында – салауатты өмір салтын құрайтын бірнеше тақырыптық бөлімдер жұмысы – тамақтану, спорт, медицина, ақпарат, психология, еңбек, интеллектуалды даму.

Арнайы алаңда Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының «Кедергісіз кітапхана» жобасы аясында кітапханаға сыйланған тақырыптық әдебиеттер мен спорттық тренажерлар ұсынылады. Олар: велотренажер, жүгіретін жол, уқалау креслосы, табан уқалағыш, бұлшықетті созуға арналған жабдық, гірлер, тұз лампасы, ауа ионизаторы. Бұл қызмет түрі барлық кітапхана пайдаланушылары үшін қолжетімді, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға пайдалы.

Тұсаукесер қонақтары пауэрлифтингтен Қазақстан мен Ресей чемпионы, спорт шебері – Максим Осиповпен кездеседі. Ол әр жаттығу құрылғысына тоқталып, оларды қалай пайдалану керектігін көрсетеді. Қалалық Салауатты өмір салты орталығының қызметкерлері де өз ойларын ортаға салады. Барлық ниет білдірушілер бой мен салмағын өлшеп, қан қысымын анықтай алады. Қатысушылар денсаулықты күту, тамақтану жөнінде кеңес ала алады. Кітапхана қызметкерлері «Бақытты өмірге бастар жол», «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі», «Сіздің көмекшіңіз - кітап» атты кітап көрмелерін ұсынады.

Тұсаукесердің бейресми бөлімі де қызыққа толы болары сөзсіз. «Эмиль» және  «Шығыс-Сүт» ЖШС-тері өз өнімдерін ақысыз дәм татуға ұсынады. Кітапхананың «Чемпион» шахмат клубы іс-шараларға қатысушылар арасында шахмат турнирін өткізеді. Шеберлер мектебі кітапхана оқырмандарының үздік қолданбалы жұмыстарын ұсынып, қолөнерден мастер-класс жүргізеді. Кітапхананың Жастар интеллект орталығы қызметкерлері балалар мен ересектерге ойын мен сайыстар ұйымдастырып, робот немесе өзге ойыншық түрлерін құрауды үйретеді. Балалар секторы, Халықаралық ресурстар орталығы мен IT-отау балалар мен үлкендерге арналған жазғы бағдарламаларымен таныстырады: компьютер сауаттылығы курсы, ағылшын тілін үйрету клубтары, жұмыс іздеу мен интернет бойынша тренингтер т.с.с.

Алаңдардың бірінде ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрімен шұғылданатын спорт мектебі оқушыларына арнайы ойын түрлері өтеді.

Тұсаукесерге барша қалалықтар, оқушылар, студенттер, жұмыссыз жастар мен ниет білдіруші жандардың барлығын шақырамыз. Келіңіздер! Қатысыңыздар!

                                                                    Байланысшы: Алханова Р.А., тел. 261333, ішкі 119 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26054931
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102