homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВАқын рухымен тілдесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Ақын рухымен тілдесу

3 маусым күні  кітапхана ауласындағы ақын ескерткіші маңында «Пушкинді бірге оқиық!» акциясы өтті.  Акцияға келген  қонақтарымыз  Ресей Федерациясының Өскемендегі бас консулы С. В. Анненков, Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Г. Омарова, Шығыс Қазақстан өнер мұражайы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Орыс мәдени орталығының  төрағасы Н.В. Зайцев,  ШҚО өнер мұражайы директорының орынбасары Шарабарина Т.Г. акциямен құттықтап, ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Іс-шараға жерлес жазушылар, студенттер,  тұрақты оқырмандарымыз келді. басқосудың екінші бөлімінде барлық қатысушылар үшін «Еркін микрофон» ұсынылды. Қонақтарымыз белсене қатысып, ақын қаламынан туындаған өлеңдерді  қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде оқыса, зейнеткер,  тұрақты оқырманымыз Джаниярова Айгүл ақынға арнап шығарған "Памяти Александра Сергеевича Пушкина" деп аталатын жыр шумақтарын ұсынды.
Орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкин есімі балалық шақтан-ақ баршамызға таныс. Оның шығармашылығын Абай Құнанбаев та жоғары бағалаған. Пушкин Абай арқылы қазақтың жүрегіне жол тапты.
Қос ақынның шығармашылығы шекараны білмейді. Ол барлық жастағы адамдарға, барлық ұлтқа және барлық заманның адамдарына ортақ және бірнеше тілге аударылған. Олардың шығармашылығы, өлеңдері, поэмалары ешқашан өзінің маңыздылығын жоғалтқан емес. 

Ақын ескерткіші маңында "Пушкин рухымен тілдесу!" атты әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылып, аулада демалып отырған жерлестеріміз ақын кітаптарын парақтаса, кітапхананың медиатека бөлімінде Джаниярова Айгүл апамыз кішкентай оқырмандарымызға Пушкин ертегілерін оқып беріп, ертегі әлеміне саяхаттады.

DP DP 2 DP 3 DP 6 DP 9
DP 1 DP 5 DP 4 DP 7 DP 10

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26352732
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102