"Тарихтан тағылым өткенге тағзым" - дөңгелек үстел отырысы
- Толығырақ
- Құрылды 31.05.2016 15:23
Кітапханада өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Күніне арналған дөңгелек үстел отырысына ақсақалдар, ардагерлер, қоғамдық ұйымдар жетекшілері, репрессияға ұшыраған құрбандардың ұрпақтары және жастар қатысты.
Арнайы ұйымдастырылған «Халық қасіреті және тарих тағылымы» әдебиеттер көрмесі кітапханаға келген әрбір оқырманның назарынан тыс қалмады. Міне, бүгін де дөңгелек үстелге келген қонақтар кітап беттерін парақтап, өз туыс-таныстарын тізімнен іздеуде.
Аманкелды Хамидуллинович Хамидуллин,репрессияға ұшыраған Хамидуллиннің немересі:
- Өз халқының тарихын жастар әрдайым білуі қажет. Және бұл тарихты олардың жандарына жеткізе, түсіндіріп айту керек. Менің туыстарым репрессия жылдарын бастан өткізген. Аға ұрпақтың бастан кешірген тағдыры мен қиыншылықтарын кітап қылып басып шығару керек. Кейін ұрпақтары қуғын-сүргінге ұшыраған туыстарының есімдерін тауып, олардың өмір тағдырын білуде бұл ақпараттардың маңызы өте зор.
Валентина Георгиевна Котлярова, Востокмашзавод ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Сергеев Яков Евдокимович менің өгей әкем, бірақ мен ол кісіні әкем деп санаймын. Ол Талдықорған облысы Малогорловка ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. 37 ол ауылдық кітапхананың меңгерушісі болып қызмет етіп жүріп, қуғынға ұшыраған. Ол кісі 10 жыл лагерде болып Слюдянка станциясында темір жол құрылысын салған. Әкем бізге лагердегі өмірі туралы тіс жарған емес. Олар жанұяда төрт ағайынды, үшеуі майданда болған, екеуі оралып, біреуі із-түзсіз жоғалып кетіп, әкеме халық жауы деген айып танылған.
Оны саяси тұтқын ретінде соғысқа алмаған. Кейіннен ақталып шыққанда қуаныштан жылаған. Ал мен ешқашанда әкемнің жылағанын көрмеппін. Тұтқынға 20 жасында түсіп, 30 жасында шыққан.
Өлер алдында ескерткішіне православтық крест емес, қызыл жұлдыз қоюды өтінген . мен студент кезімде әкем тұтқында болған жерге барып, салынған теміржолды, ол тұрған барақты көріп қайттым.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
Анықтамалық деркетерге сүйенсек, 1921-1954 жылдар аралығында бұрынғы СССР аймағында тұтқынға алынғандар саны 3 млн. 777 мыңды құрап, олардың 642 –сі өлім жазасына кесілген. Қазақстанда репрессия жылдары 25 мың адап өлім жазасына кесілген.
-«Бүгінгі күн өткен ғасырдың қайғылы оқиғаларын еске алуға арналады» - деп, кездесудің председателі, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Александровна Булавкина өз сөзінде айтып өтті.
Сагынбек Аканович Аканов Өскемен қаласы ардагерлер кеңесінің жетекшісі:
Мұндай қайғылы жағдайлар ешқашан қайталанбасын. Біз әрқашан еліміздің жарқын болашағы қамтамасыз ету үшін, тарих сабақтарын есте сақтауымыз қажет. Біз өткен тарихымызды әрқашан еске алып, еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Әрқашан бейбітшілік болсын!
Байланысшы : Жансая Ашкенова тел: 211333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26056978
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы