homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Мен Астананы бейнелеймін

Астана  - алтын  ұя  жас  түлекке,
 Асқақ  ән  шаттық сыйлар  әр  жүрекке.
Сазды  әнін  Сарыарқаның  самал  тербеп,        
Аққудай  қалыптасқан  көкжиекке  -  деп  жерлес  ақын  Бекбақыт  Мұқамадиұлы  жырлағандай    қазақ  елінің  абыройы  асқақтап,  беделі  күн  сайын  өсіп,тарих  шежіреге  із  қалдырар      өркендеуінің  бір  айғағы  -  Астананың  биыл  18-ші төл  мерекесі.
 Ақмола  қаласының  негізі  1830  жылы  қаланған.1994  жылы   6-шілдеде  ҚР  Астананы  Ақмолаға   көшіру  туралы  қаулы  қабылданды.1997  жылы  20  қазанда  Елбасы  Ақмола  қаласын  ҚР  Астанасы  деп  жариялау  туралы  жарлыққа  қол  қойды.1998  жылдың  маусымынан  Қазақстан   Астанасы  аталуда.  Содан  бері   Астана  қаласы  өзінің  сұлу  көркімен, әсем ғимараттарымен, айшықты  кешендерімен әлем  елдерінің  таңдайын  қақтыруда,ақындар  мен  қылқалам  шеберлерінінің   шабыттарына  шабыт  қосып   арқау  етуде. Осы  мерекеге  орай 1-ші шілдеде Зайсан    аудандық  кітапханасының  балалар бөлімінің  ұйымдастыруымен  әртүрлі  жастағы    кітапхана  оқырмандары  арасында     «Мен  Астананы  бейнелеймін»   атты  сурет  салу  байқауы  өтті.Бұл  сурет  көрмесінің  мақсаты:жеткіншектеріміздің   шығармашылық қабілеттерін дамыту,  еліміздің жүрегі Астана  қаласын  мақтан  тұта  білу  және  Отанға деген  сүйіспеншілігін  арттырып, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.    Ең   кішкентай  қатысушылар : Айдарбекова  Ұлпан  Астананың  символы-  Бәйтеректі  бейнелесе,  Советов Ернұр күмбезі көкпен таласқан  Нұр-Астана мешітін,  Советова  Лунара      арман  қала  Астананың көрікті жерлерін  бейнеледі.Сурет  салуда    Райхан, Күзихан, Бекнұр, , Аида , Жұлдыз өз  белсенділіктерін    көрсетті. Қатысқан  оқушыларға  сый-сыяпат  жасалып,«Астана  - төл  перзенті  Елбасының »   атты  кітап  көрмесіне  шолу  жасалды.      Астана   тәуелсіз  еліміздің  мақтанышы,  шамшырағы.  Елорда  болашағы -  елдің  болашағы.  Елордамыз  көркейіп,  қарыштап  дами  берсін.
zaisan 0107 1 zaisan 0107 2 zaisan 0107 3
 

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26335748
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102