homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Өнегелі өмір өлкесінде

terekty 1111 211-ші қарашада  Теректі онлайн орталығында  «Өнегелі өмір өлкесінде» атты  ақпарат беру сағаты өтті.
... Артыңа адаспайтын жол тауып кет,
    Ескеріп ойлап жүрер сөз тастап кет
    Өзіңнен кейінгілер үлгі алатын
    Көрнекті көзге түсер жол бастап кет!
Иә, талай ғасыр өтсе де мән- мағынасын жоғалтпайтын дана сөздер, өмірлік ілімдер ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып  келе жатқанын осы сөздерге зер сала отырып пайымдайсыз.terekty 1111 4
2016 жылды ЮНЕСКО-ның Қожа Ахмет Иассауи жылы деп жариялауы  күллі түркі әлемі үшін қуанышты  хабар болды.Бұл қуанышты хабар  Егеменді еліміздің Тәуелсіздігінің  25 жылдығына тұспа тұс келіп, қатар аталып жатуы тегін емес.
Ел Тәуелсіздігіне қол жеткелі ұлтымыздың ұмыт бола бастаған дара да дана ұлдары қайта еске алынып,келер  ұрпаққа берері мол  тәлім- тәрбиесі насихатталуда. Теректі ауылдық кітапханасы жыл бойы ұлы бабамыз- Ахмет Иассауи өмірбаянын , еңбектерін насихаттау барысында  көптеген жұмыстар жүргізуде. Соның бірі   «Өнегелі өмір өлкесінде» атты  ақпарат беру сағаты. Аталған шараға №2 Теректі орта мектебінің оқушылары, мұғалімдері қатысып, өз кезегінде  жасөспірім оқырмандар  7 сынып оқушылары-Арқау Серпін, Жанұзақ З.,Тоқтасынов Ә.,8- сынып оқушылары-Амангелдин С.,Әліпова А.,Қуаныш З.,Жабашева Б.,Қайрат Айтұмар т.б.    кемеңгер баба туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік  таныта отырды.Шара барысында оқырмандар назарына кітапханашы Ақсартова Г.А.    «Қожа Ахмет Яссауидың өмірбаяны» туралы слайд презентация  көрсетті. Сонымен қатар кітапханашы Тимкенева С.Қ.  ұлы ғұлама Қожа Ахмет Иассауидың өмірбаянына тоқталса, кітапханашы Башабаева С.Р.  ұлы ғұламаның ХIV ғасырдың соңында Түркстан қаласында соғылған айшықты құрылыс Қожа Ахмет Иассауи  сәулет ғимараты жайлы  аңыз әңгімелерге тоқталып, «История одного шедевра - Ахмет Яссауи»  бейнефильмнен  үзінді көрсетті. Кітапханашы Ибраимова Қ.У. «Диуани хикмат»,  «Даналық кітабынан» үзінділер оқыды. Бұл  кітапта ол- адам баласын имандылыққа,ізгілікке шақырып, мұсылман  дінінің қағида- шарттарын, Алланы танудың жолдарын өлең  тілімен насихаттайды.Кімге болса да көзге түсер жол бастау қиын.Ол артып туған асылдар үлесі.Сол асылдар түркі жеріне жол салды, жөн көрсетті. Ендігі жаңа буын, жас ұрпаққа осы бабалар салған жол қадірін қадірлей білмек керек.
 

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26329997
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102