Семинар - тренинг «Әйел және техника»
11-ші қарашада Самар ауылында онлайн орталығында «Нур-Отан»партиясымен бірге «Әйел және техника» семинар-тренингі өтті.
Семинар-тренингке әр түрлі мамандықтар бойынша қонақтар қатысты. Олардың ішінде энергетика маманы Ширяева Т. Н., Третьякова Т.Н.-КП маманы,байланыс инженері Карчалова К.,байланыс операторы Краснова Л., Самар ауылдық округінің жас маманы Сауық Е., агро-техникалық колледж студенттері, мұғалімдер, мектеп директорлары және «Нұр-Отан» партиясының аудандық хатшысы Малғаждаров к. К. қатысты. Семинар қатысушылар өздерінің мамандығы бойынша іс тәжірибелерімен бөлісті. Семинар-тренинг қортындысы бойынша:
1. Жұмыстың тиімділігі әр мамандыққа байланысты, сондықтан жоғары деңгейде дайындық қажет.
2. Күрделі мамандықтар бойынша жоғары дәрежеге жеткен әйелдер қоғамға жақсы улгі көрсете білу керек.
3. Жұмыс берушілер әйелдерден ең бірінші кәсіпқойлығын көре білу керек, содан кейін әйел затын.Бұл негізгі фактор гендерлік-стереотипті жоюдың кілті. Өтілген іс-шара бейнематериалмен әрленген. Қатысушылар онлайн-орталығының кітапханашыларына алғыстарын білдірді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336017
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы