«Ұлты үшін құрбан болғандар»
Кештің мақсаты: Оқырмандарға қазақ халқының басынан кешкен қилы кезең, киын тағдыры туралы, белгілі ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдерінің қуғын-сүргін құрығына іліккені туралы айту, алаш ардақтылары І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлинге толыққанды мәлімет бере отырып, болашақ ұрпақтың отансүйгіштік қасиеттерін арттыру және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Кеш «Қазақ қасіреті» атты бейнематериал көрсетілумен және ауыл әкімі С.Т. Қалиевтің осы тақырыпқа арналған баяндамасымен басталды.
«Тарих, уақыт және заман»- атты кітап көрмесіне кітапханашы Т.Есімова библиографиялық шолу өткізді. Сол кезеңнің құрбандарына арналған кітаптарды, осы тақырыпқа байланысты баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды ұсынды.
С.Сейфуллин атындағы 7-сынып оқушыларын ұстаздары А.И.Нугмарова мен тәлімгер М.М. Құрманғалиева және Мақаншы орта мектебінің 8-сынып оқушыларын ұстаздары С.Қосетов пен Т.Т.Маликов басқарып келді. Оқушылар С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин тағы басқа да Алаш ардақтылары туралы толыққанды мәлімет берді.Сонымен бірге ауыл ақсақалдары С.К.Шарапиев,Т.Б.Жирентаев,Ә.Найманбаев музейінің директоры Ә.Т.Разуев,ардагерлер кеңесінің мүшесі Т.А.Мешелов, «Уақыт тынысы» газетінің тілшісі М.Саябаев қатысты. Атасы сол кездің құрбаны болған М.Қодашев – «тұрғындардың барлық топтары, бай да, кедей де, интеллигенттер мен жұмысшылар да қуғын-сүргін құрбандары құрығына іліккенің,қазақ халқының тағдыры үшін күрескен Саяси қуғын-сүргін құрбандары санамызда мәңгілік сақталады» - деп өз сөзін аяқтады.
Шара барысында мәдениет үйінің қызметкерлері өз өнерлерін көрсетті.
//
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26337362
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы