Азалы сол ауыр жылдар
Іс-
шараға қуғын-сүргін жылдарының әр кезінде Қазақстанға туыстары мен жақындары жер аударылған Зигле Надежда Валентиновна, Гончар Тамара Леонидовна, Баюн Галина Дмитриевна шақырылып, жастар орталығынан мектеп және колледж оқушылары қатысты. Алдымен жиналған оқушылармен «Өткенге тағзым. Нельзя забыть...» деген кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жүргізіліп ақпарат берілді. Жүргізушілер сонау қасіретті де қайғылы Сталинндік репрессия жылдары туралы айтып, «Депортация народов СССР в Казахстан в 1930-50-е гг.» , "Қанмен жазылған хат". Арнайы тележоба. Қуғын-сүргін мен аштық құрбандарына арналған бейне фильмдерін көрсетті. Фильмдерде жазықсыз жапа шеккен партия қайраткерлері, ғалымдар, дипломат, жазушылар, т.б. қарапайым еңбек адамдары туралы айтылды. Сталиннің шектен шыққан қатыгездігінен ажалынан бұрын көз жұмған,
концлагерьлер мен түрмелерде адам айтқызғысыз азап шеккен, шектен шыққан қорлық пен зорлықтан миллиондаған құрбандарды рухани жарымжан
еткен АЛЖИР, КАРЛАГ лагерлері туралы айтылып, слайт көрсетілді. Шақырылған қонақтар ата –аналарының, туыстарының қандай қиыншылықпен Қазақстан жеріне жеткендері туралы айта келіп, тек қана қазақ халқының қонақжайлығы мен олардың көмегі арқасында тірі қалғандықтары туралы айтып, солардың ұрпақтары естеріне ала отырып жылы лебіздерін білдірді. Аудан әкімінің орынбасары Р.Н. Кисамиева «Тарихтың ащы сабағынан үйренбей, зерделемей бүгінгі тəуелсіздік алған елімізді ілгері дамыту мүмкін емес. 1937-1938 жылдардағы ұлтымыздың ұйтқысы болған тұлғаларды тегіс тұтқындап, қырып-жойған жойқын жазалауды, ел басына түскен ауыртпашылықты адамдар санасында ешқашан ұмытылмауы тиіс.» деген сөздермен алғысын білдіріп кешті аяқтады.
//
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26331437
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы